Жандарбек Жұман. «Анашым»

Oinet.kz 26-09-2018 1212

Көп түнде қиял қуып, оңаша ояу қалам, 

Құшағын тәтті елеске бұл сәтте жаяр балаң. 

Нұрына малындырып, сәулемен сурет салар, 

Күннен де мейірімің ыстық-ау, аяулы Анам. 


Сағыныш жанарымнан кетеді жасымды іліп, 

Көңілің жайланады сөзімнің расын біліп. 

Ауылды есіме алып, кеткім-ақ келед(і), бірақ, 

Күйбелең қу тіршілік қарайды басын бұрып. 


Күш-қайрат таусылмайды тұрғанда нақты айбыным, 

Перзентің жаманға-жат, жақсыға тақпайды мін. 

Өзінің алға қойған мақсатын қуып жетіп, 

Үміт пен сеніміңді бұйырса ақтайды ұлың! 


Әр айтқан ақылыңмен толтырғам санамды, Ана, 

Себебі өзің берген тәрбие маған-дара. 

Жаратқан сәтін салса бәрі де жақсы болад(ы), 

Бастысы қайғы жұтып, уайымдап, алаңдама! 


...Осылай өлеңменен хат жазды балаң бүгін, 

Алдыңнан шығармаймын ешқашан «қараңғы күн». 

Жаулығы жақұтпен тең, анашым, менің үшін:  

Бар байлық, бақыт, шаттық - өзіңнің амандығың!

Жандарбек Жұман. «Үлгермедім...»
Жандарбек Жұман. «Жоғалып кет!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу