Жандарбек Жұман. «Жоғалып кет!»

Oinet.kz 26-09-2018 1852

Таба алмастан қойдым-ау қалауыңды, 

Ойладың ба бәріне көнеді деп. 

Биікке көтерместен танауыңды, 

Түскенің жөн болады төменірек. 


Көгермей қалды деме дәл көсегем, 

Мен де бір күн шығармын бойлай шыңға. 

Соншама тәкәппарсың?!... әлде сенен, 

Басқасы табылмайд деп ойлайсың ба? 


Ә,сұлу екенсің ғой? 

Себеп-ті ол да, 

Дегенмен мінезің де кесір еді... 

(Біздің тілде айтқанда: «шелек болма!» 

Шелек те күні жетсе тесіледі!) 


Жақындасам, алыстап тұрдың неге? 

Осыған жеткені ғой мол ақылың. 

Өзіңді өзің келіп «гүлмін!» деме, 

Оның да ұмытпағын солатынын! 


Әлде жақсы көрер ме ең қинағанды? 

Алдыңда тұрар дейсің тосылып кім? 

Елеп те қарамайсың...сыйлағанды- 

сыйламайды екенсің.Осыны ұқтым! 


Ұл емес ем жақсының жолын кескен, 

Енді саған келмеспін оралып тек. 

Мына менің көзіме көрінбестен, 

Өмірімнен шық-дағы,жоғалып кет!

Жандарбек Жұман. «Анашым»
Жандарбек Жұман. «Көшелер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу