Жанар Әбсадық. «Түннің тілін түсінем деп»

Түннің тілін түсінем деп,
Түпсіз дертке тап болдым.
Бақ-бақ мұңым жүр адасып,
Арасында бақ-сордың.
Ақбөкеннің баласындай,
Үркіп қашты үмітім.
Жайсыз өзен жағасындай
Мазасызбын күні-түн.

Түннің тілін түсінем деп,
Түпсіз дертке тап болдым.
Бақ-бақ мұңым жүр адасып,
Арасында бақ-сордың.
Ақбөкеннің баласындай,
Үркіп қашты үмітім.
Жайсыз өзен жағасындай
Мазасызбын күні-түн.