Жанар Әбсадық. «Түнде сені жоғалттым – Түс секілді»

Түнде сені жоғалттым – Түс секілді,
Көзімді ашып қараймын – Күз секілді.
Күз секілді, айналам адасушы
өзін-өзі алдаған біз секілді.
Жоқсың сен,
Бірақ жоқтың түбіндесің.
Сөз емессің,
алайда тілімдесің.
Оңтүстіктен жел соқса жылы-жылы,
Жаның емес, жапырақ дірілдесін.

 
 
 
