Ибрагим Исаев. «Азат елдің азаматы»

Oinet.kz 30-09-2018 764

photo_264593.jpeg

Азат Перуашевқа

Өзіміз де тақтайдай, –

Сөзіміз де тақтайдай.

Кейде осы сөйлейміз-ау сақтанбай,

Қазақ деген ат қандай.

Азат деген ат қандай,

Жалын бардай осы сөзде жылынар.

Осы сөзде өшпейтұғын шоқ бардай,

 

Азат пенен қазақ деген бір ұғым.

Келетұғын жақсылықты көргісі,

Азат деген – бостандықтың белгісі.

Азат жайлы айтқан кезде, алайда,

Атты ойнатып ұпай жинау жоқ ойда.

Құрастырмай ертегісін,

Туған елдің ертеңі үшін.

Мұрындық боп жүрген жан ол талайға,

 

Кейде тіреу болар жерде.

Тіреу бола алмаймыз,

Кейде сүйеу болар жерде.

Сүйеу бола алмаймыз,

Сөйтеміз де бірімізді біріміз.

Құрғақ сөзбен алдаймыз,

Шындығында осы біздер қандаймыз?

Сақылдап бір аяз соғып тұрса да,

Лапылдап бір жанар кезде жанбаймыз.

 

Азамат кім, Азат кім?

Ол да нағыз жанашыры қазақтың.

Ешкімді де алмайтұғын жағадан,

Ақылды адам – қарсыласы көп адам.

Солар ғана суырылып шығады,

Шыға алмайтын додадан.

 

Кеңейтуге туған елдің өрісін,

Қайрат-күшін жұмсап жүрген сол үшін.

Жылып тұрар, парламентте отырған,

Азаматтар сендей болса, деп ішің.

 

Қанша елдің қалаулысы дегенмен,

Халық үшін ой айта алмай тереңнен,

Сөзі де жоқ, өзі де жоқ, әйтеуір,

Сүмірейген депутаттар көрем мен.

 

Жүрмесең де бүкіл елді асырап,

Батылдығың басқалардан басым-ақ.

Қашып жүрген жоқсың қуыс-қуысқа,

Айтып жүрсің ойларыңды ашып-ақ.

Құдай өзі сақтасыншы, билікте,

Жүргендерден абыройын шашып ап.

 

Халқы үшін жасамаса бірдеңе,

Депутаттар депутат боп жүр неге?

Неге олар отырады маужырап,

Үй күзеткен мысық сынды іргеде.

 

Келмейді оны кедей дегім, бай дегім,

Іздеп жүрген жан емес ол жайлы орын.

Жалтақ емес, азамат ол тік өскен,

Қажет жерде шаршамайтын күрестен.

Текті ойлар туады тек тектіден,

Азат – елдің Азаматы деп білем!

Ибрагим Исаев. «Сөз қадірі»
Ибрагим Исаев. «Төрге құмар бір ақынға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу