Ибрагим Исаев. «Сөз салмағы»

Oinet.kz 30-09-2018 721

photo_264593.jpeg

Айтады-ау біздің қазақ та, ойланбай кейде,

Жұмақты қолмен орнатып қойғандай жерге.

Періштені де жолынан тайдыра салар,

Өздері түзу жолынан тайғанда кейде.

 

Періште сонда періште болады қалай,

Алтынды көрсе жолынан таяды оңай.

Құныққандардың кейінгі айтқаны шығар,

Айтпаған шығар қазақтар баяғыда олай.

 

Еркек арбаған көргендей сайқалдың көзін,

Айналайын деп ұққандай айқайдың өзін,

Қасиетті сөз деп бүгінде қолданып жүрміз,

Періштемін деп оттаған сайтанның сөзін.

 

Өзімізді өзіміз алдау үшін де,

Тоймайтын терең құлқынды қорғау үшін де.

«Алтынды көрсе періште жолдан таяд» деп,

Жарық дүниенің өзгерттік тербелісін де.

 

Бұрмайтын жандар айтқан-ау құранға бетті,

Таба алай қойдым ойланып бұған себепті.

Біз түсінетін адалдық – періште ғана,

Құдайдан қорқып, ойпырмай, ұялсақ етті!

Ибрагим Исаев. «ҚАЙРАУ немесе ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА ЖЕТУ»
Ибрагим Исаев. «Несібе»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу