Ибрагим Исаев. «ҚАЙРАУ немесе ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА ЖЕТУ»

Oinet.kz 30-09-2018 1032

photo_264593.jpeg

Бұл дүниеде адамзат көз ашқалы

Күрес, күрес, өмірдің күрес бәрі.

Біреу жеңіп, ал біреу жеңіледі,

Жол бастайды жеңіске жол ашқаны.

 

Жеңілісің – ол сенің шегінісің,

Айла керек, күш керек жеңу үшін.

Намысыңды үнемі қайрау керек,

Шығу үшін жеңістің төріне шын.

 

Намысың мен қайратың қабысқанда,

Ала алмайды сені еш арыстан да.

Жеңілесің сенімің жоғалғанда,

Жеңілмейсің бойыңда намыс барда.

 

Сол намысың жеңіске жетектеген,

Жете алмайды жеңіске тер төкпеген.

Жігеріңді жаниды жеңіс сенің,

Жігерімен көрікті еркек деген.

 

Бұл жеңісің баспалдақ келесіге,

Елің сақтап жүреді сені есіне.

Ертең халқың басына көтереді,

Көтереді қолыңды төреші де.

 

Мәди деген асқақтап атың әлі,

Сені сыйлы орталар шақырады.

Қазақ деген қашаннан батыр халық,

Талайлардың маңдайы жарқырады.

 

Сен солардың жалғастыр жолын енді,

Кім сыйлайды деп едің жеңілгенді.

Енді ешқашан шегінбе алған беттен,

Ел де жақсы көрмейді шегінгенді.

 

 

Сенің елің мынау ел, сенің далаң,

Жасымасын жігерің жалындаған.

Сүйікті елің өзіңді тану үшін,

Биіктерің көп әлі алынбаған.

 

Сол биіктің бәрінен көрін, балам,

Биіктерді бағындыр бағынбаған.

Сен көтерсең қазақтың туын көкке,

Сонда сенің қуанып қолыңды алам!

Ибрагим Исаев. «Төрге құмар бір ақынға»
Ибрагим Исаев. «Сөз салмағы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу