Исраил Сапарбай. «Ғұмыр сазы»

Oinet.kz 30-09-2018 1010

63e685261b2333a37e4ee666af126660.jpg

Той да өтер, 

Қызық та өтер, 

Думан да өтер... 

Арқырап ағар уақыт судан бетер. 

Құбылған дүниенің қыр соңынан 

Құс салып, 

Құрық алып қуған жетер. 


Зулайды жел де, жыл да зымырандай, 

Қозғалса қозатұғын жыны бардай! 

Кемең де кемерінен шайқатылып 

Емен де екпінінен жығылардай! 


Бəрі өтер: 

Сауық та өтер, 

Сайран да өтер. 

Бақ-дəулет баяны жоқ байдан кетер. 

Жыртығы көңіліңнің қырық жамау, 

Білмейсің келетінін қайдан қатер. 


Көшуде бəрі, бəрі... 

Ел де, жер де. 

Көшеміз бұл жалғаннан сен де, мен де. 

Көрінер Жер пейіш болып періштеге, 

Көрінер көк жұмақ боп пенделерге. 

...Көшеміз бүл дүниеден сен де, мен де...

Исраил Сапарбай. «Жас Қазақ»
Исраил Сапарбай. «Сана сырқаты немесе Бұқарға еліктеу»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу