Ғибратты әңгіме: Екі тақуа (монах)

Oinet.kz 06-09-2020 1261

Екі тақуа ағысы қатты, долы өзенді кешіп өтті.

Олардың жанында өте әдемі қыз тұрды, ол да өзеннен өткісі келді бірақ қорқып тұрды.

Қыз тақуалардан көмектесуін өтінді. Тақуаның бірі қызды үнсіз иығына отырғызып, өзеннің арғы бетіне алып өтті. Екінші тақуа оған ашуланды.

1565011260_monah.jpg

Ол ләм деп ештеңе айтпады бірақ іштей ашуланып: «Бұлай жасауға тыйым салынған». Тақуаларға әйел қауымына қол тигізуге тиым салады, ал бұл қол тигізген былай тұрсын иығына отырғызып келді.

Олар ғибадатханаға келгенше кеш болды. Сонда ашуланған тақуа қасындағы тақуаға бұрылып:

- Қараңыз, мен бұл туралы ғибадатхана бастығына айтуым керек. Сіз бұлай жасамауыңыз керек еді! Мұндайға тыйым салынған!

Бірінші тақуа таңдана сұрады:

- Тыйым салынған,- деп не айтасың?

- Сен ұмыттың? - деді екінші тақуа. «Сіз әдемі жас қызды иығыңызға көтеріп алып өттіңіз».

Бірінші тақуа күліп жауап берді:

«Мен оны бір минуттың ішінде екінші жағаға алып келдім және сол жерде қалдырдым». Сіз оны әлі көтеріп келе жатырсыз.

Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын, шошымасын десеңіз...
Жарасымды жұп құрудың 7 қағидасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу