Абысынымның құлы секілдімін...

Oinet.kz 28-03-2021 2595

Қайырлы күн, құрметті оқырманІ Бүгін сіздермен отбасымдағы жағдайды баяндап бір жеңілдегім келді. Өзім тұрмыстамын. Ата-енем, кайын аға, абысын, абысынның балдары, қайын сіңіл, қайын інім, бәріміз бір уйде тұрамыз. Таңертен енем, атам, куйеуім, абысыным, қайын ағам жұмысқа кетеді. Үйдің тірлігі менің мойнымда. Әрқайсысы əр уақытта тұрады. Бәріне бөлек-бөлек шай дайындаймын. Сенесіздер ме таңғы астың өзін 5-6 рет дайындаймын. Үй жинау, сыпыру, ыдыс-аяқ, кір жуу, тамақ істеу бəрі менің мойнымда. Бірінші келін болып түскенде ырза болып істей беруші едім. Қазір жүйкем жұқаратын болды. Жинаған үйімді абысынымның балдары  шашады. Өзім жүктімін. Таксикоз деген бəле болды. Су ішсем де құсып мазам кетеді.

image.png

Бүгін таң ертен 8-де ауруханаға кеткем. Енем екеуміз шықтық. Абысын уйде еді. Енем абысыныма үйді жинап кет деген болатын. Сөйтіп мен поликлиникада 1-2 ге дейн жүрдім. Шаршап, күнге күйіп, үйге келсем үй шашылып жатыр. Ыдыс деген үйіліп кеткен. Төсек жиналмаган. Кір таудай болып үйіліп тұр. Қайын сіңілім əле ұйықтап жатыр. Далада шашылып кеткен. Абысынмнын балдары шашып тастаған. Ой, бір қатты ашуландым. Мен келін болып түскелі абысыным бір рет болсын ыдыс жумапты. Бəрі менің мойнымда. Кешкі тамағын ішіп, бөлмесіне кіріп кетеді. Таңертен жұмысына кетеді, мен дайындаған шайді ішіп. Куйеуіме бөлек шығайық десем 1 жыл шыда дейді. Қалай шыдай берем мен. Сенде істе деп айта алмаймын,. 9 жас үлкен. Құлы сияқты болып кеттім бұл үйдің, кімнің басынан өткен бұл жағдай?

Аноним 

alashainasy.kz

Келін емес, күң болдым
Күйеуім жесір келіншекпен шатысып, отбасымыздың ойраны шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу