Бала аяқтан тұрғанша той жасауға болмайды

Oinet.kz 17-08-2022

Screenshot_13.jpg

Өткенде тойға бардым. Енді жайғаса бергеніміз сол, біздің дастарханға ерлі-зайыптылар келіп отырды. Жас отбасы екенін байқадық. Тойға коляскамен, кішкентай сәбиімен бірге келіпті. Түрлерінен шамалы шаршағандық, әбіржу байқалады. Баламен далаға шығамын дегенше, біраз шытырман оқиғаны бастан кешірген-ау, шамасы.

Содан той басталды. Даңғаза музыка, у-шу, ығы-жығы халық. Қазақтың тойы қалай өтетінін іштеріңіз жақсы біледі. Бір уақытта бесікарбада жатқан нәресте шар ете қалды. Анасы қолына алып, ыдыстағы сүтін беріп, жұбатып жатыр. Бірақ, оған көнетін бала жоқ. Жылауын тоқтатпады. Фойеге алып шығып кетті. Күйеуі бізден ыңғайсызданды ма, әлде әйелінің жанынан кеткен уақытын пайдаланды ма, «Үйде қал, деп айттым, көнбейді. Мен бұл тойға қызық қуып келген жоқпын ғой» - дейді ақталып. Біз шамалы езу тартқандай болдық. Кейіннен білсек, сәби алты айлық екен. Ерлі-зайыптылар бірінші дастарханның соңына дейін отырды. Бала тым мазасызданып кетті. Әрине, алты айлық сәби мынадай шуды көтере алмайтыны анық.

Негізі бұл – өзекті мәселе. Бұрынғы ана-әжелеріміз бала ет жинап, өз-өзіне келмейінше, сыртқа қырық қадам аттап баспаған. Көз тиеді деп ойлаған. Жын-ойнақтан бойын аулақ ұстаған. Бұл – дала философиясы, бұл – дала психологиясы.

Үйде баламен отырған келіншектің бір сәт бой жазғысы келетіні анық. Бірақ сіз қуған қызықтың балаға зияны тимеу керек қой. Бала аяқтан тұрып кеткенше, думан-тойды ысырып қойған дұрыс. Өйткені, баланың иммундық жүйесі тым әлсіз.

Шыны керек, кейде той-томалақта балалар аяққа оратылып жүреді. Баланы тойға алып бару, алып бармау мәселесін отбасында нақтылап шешіп алу қажет.

Той дегеніміз ығы-жығы халық, даңғаза музыка, айқайлаған, есірген қонақ емес пе? Алкогольмен өтетін тойларда аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан талай адамды көрдік қой. Аунап жатқан қонақтарды да кездестірдік. Бұл – сіздің балаңыз көретін дүние емес.

Жалпы, тойға бала ертіп баруға сіз қалай қарайсыз?!

Данияр Есеннің Facebook парақшасынан

Қайын атасы келінін ұрып-соғып, зорлаған
Келіншегімнің қылығын қалай кешірерімді білмей далмын


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×