Жыртық аяқ киімнен шыққан ақша

Oinet.kz 15-11-2022 3087

Screenshot_2.jpg

Бірде бір шәкірт егін алқабын аралап келе жатты. Кенет жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына: 

- Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қосақ қайтеді. Сосын бір жерге жасырынып қалай абдырап сасқанын қызықтайық, - дейді. Сонда ақылды ұстазы:

- Кедейлерді әбігерге салуды қызып көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Оны мазаққа айналдырмай керісінше аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сосын не қызық болатынын тамашалайық,-дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Сосын екеуі жақын тұрған ағаштың артынан барып жасырынады. Сәлден соң жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. 

Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп дереу қайта суырып алды. Қолымен алып еді,  ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан- жағына бір қарап, таң-тамаша болып біраз тұрды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да екі тізесін жерге тигізе жүгініп отыра кетті. Жүзін аспанға көтеріп жасаураған күйі дауыстап сөйлей бастады: Я, раббым! Сен менің халімді өзімнен артық білушісің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш- жалаңаш екенінен хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен нәубеттен құтқардың. Шүкір,шүкір, - деп ұзақ уақыт жасын төккен күйі Жаратушысына алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды. Манадан бері көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленді. Шәкірттің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:

- Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыныңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! - дейді Шәкірті:

- Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! 

Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады  деген сөздің мағынасын енді түсіндім- дейді.

Қазақтардың тірі болып, жер басып жүргендері татарлардың арқасы
Бұл құпияны құрбыңызға да айтуға болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу