Шымкентен Анталияға

Oinet.kz 15-09-2021 993

Screenshot_16.jpg

Туризм саласында білім алып жатқан шымкенттік студенттер енді Түркияда тәжірибе алмаса алады.

Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноғлымен келіссөздер жүргізді. Анталиядағы Туризм академиясы халықаралық деңгейдегі қонақжайлылық және туризм индустриясы үшін жоғары білікті мамандар дайындайтын беделді оқу орындарының бірі болып саналады.

Кездесу барысында туристік қарым-қатынасты жақсарту, жастар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ біліктілікті арттыру арқылы оқытуды қолдау туралы келісімдерге қол жеткізілді. Нәтижесінде келісім негізінде екі жақты оқу бағдарламасы жүзеге асырылып, халықаралық деңгейдегі екі дипломды бірден алуға мүмкіндік береді. Ол үшін түрік тарапы жергілікті білім беру университеттерімен туризм саласында келісімге келуге дайын.

Сонымен қатар, студенттер Анталиядағы қонақүйлерде бес айлық өндірістік тәжірибеден өте алады, ол туралы халықаралық сертификат алады.

Алдағы уақытта академия басшылығы түрлі іс-шараларға қолдау көрсетіп, басшылық, оқу орындары мен туристік бизнес өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын.

«Химфарм» зауытына 120 миллион долларлық инвестиция тартылды
Шымкентте 109 жас маман жобасы аясында жұмысқа тұрды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу