«Химфарм» зауытына 120 миллион долларлық инвестиция тартылды

Oinet.kz 10-09-2021 1213

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласындағы «Химфарм» зауыты отандық дәрі-дәрмектердің ірі өндірушісі болып табылады. Десек те, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлуді, отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізуді тапсырды.

Бұл тапсырма «Химфарм» зауытының ұжымы жұмысты жаңдандыра түсу керек деп қабылдауда. Қарқынды жұмыс, межеге алып жетері анық. Бүгінде кәсіпорын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС сатып алатын дәрілік заттардың жалпы көлемінің үштен бірін өндіреді.

Былтыр зауыт 52,6 млрд теңгеге 76,920 мың өнім қаптамасын өндірсе, биыл жеті айда 25,8 млрд теңгеге 42 мың шамасында өнім қаптамасын шығарған. Бұған қоса, компанияда медицинаның терапия саласына қажетті алуан түрлі ауруларды емдеуге арналған 12 фармотерапиялық топқа жататын 200-ден астам дженриктік және түпнұсқалық препараттар шығарылады. Сондай-ақ, зауыт қазіргі күні Шымкент қаласында тұратын 1 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Компания GMP халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту бойынша аса ірі инвестициялық жобаны іске асыруда. 2023 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаның көлемі 120 миллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды. Қазірге дейін игерілгені 97 млн. АҚШ доллар.

Компания өнімдерін Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан сынды 7 елдің нарықтарына экспорттайды және ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіп аймағы көбейеді
Шымкентен Анталияға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу