Шымкент – агроөнеркәсіптік әлеуеті жоғары шаһар

Oinet.kz 23-09-2021 841

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласын Орталық Азия аумағында ірі көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыру мақсатында 2015 жылы 92 гектар жерге көлік-логистикалық аймағы құрылған болатын. Аталған аймақта қазіргі күні үлкен жобалар іске асырылуда, атап айтқанда, олар – «Kazakhstan Logistic group» ЖШС, «Зерде» ҒӨБ» және «Continental Logistics Shymkent». Аймақта құрғақ және климаттық қоймалар, контейнерлік алаң, темір жол тұйығы, әкімшілік тұрмыстық кешен, сондай-ақ кедендік рәсімдеу орталығы жұмыс істейді. Мегаполиске тағы бір көтерме-тарату орталығын салу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін әр түрлі тауарларды қолайлы бағада сатып алу үшін 11 мың шаршы метрді құрайтын «GraMaD» сауда орталығында көтерме-тарату орталығы ашылды. Ол қаладағы 1700-ден астам сауда орындарын азық-түлік, жеміс-көкөністермен қамтамасыз етіп келеді.

Сонымен қатар, қала аумағында жалпы сыйымдылығы 108 мың шаршы метр болатын 14 сақтау қоймасы орналасқан. Оның ішінде 6 климаттық және 8 құрғақ сақтау қоймасы бар.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі әлеуеті жоғары мемлекет ретінде есептеледі. Бұл ретте үшінші мегаполис – Шымкенттің де әлеуеті осал емес. Қаланың агроөндіріс қуаты халықты тұтыну тауарларымен толық қамтамасыз етуге жетеді.

– Азық-түлік тауарларының тұтыну нормасына сәйкес, Шымкент қаласының халқы бір жылда бірінші сұрыпты ұннан – 14 256 тонна, қалыпты бөлке наннан – 77 529 тонна, рожкиден – 4 825 тонна, қарақұмық жармасынан – 2 193 тонна, күріш – 9 321 тонна, картоп – 104 177 тонна, сәбіз, пияз – 21 932 тонна, қырыққабаттан – 14 913

тонна, шекерден – 19 739 тонна, күнбағыс майынан – 7 676 тонна, сиыр етінен – 16 449 тонна, тауық етінен – 5 483 тонна, айран, сүттен – 92 663 тонна, жұмыртқадан – 155 717 200 дана, тұздан – 2 401 тонна және сүзбеден – 5 373 тонна тұтынады, -дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар ҚАНЫБЕКОВ.

Шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры, тауар өндірушілерді, қоймалар мен сауда нысандарын қосқанда жеткілікті және де тапшылық бойынша ешқандай қауіп жоқтығын айтады мамандар.

Шымкентте 109 жас маман жобасы аясында жұмысқа тұрды
«Бизнестің жол картасы-2025»: Шымкентте 819 жобаға 4 млрд.теңгеге қолдау көрсетілген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу