Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген

Oinet.kz 29-03-2023 760

Finprom.kz  порталының жазуынша, қаңтар, ақпан айларында елімізде 438 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. Бұл былтырдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,7 пайызға көп. Бұл нені білдіреді?

Screenshot_9.jpg

Аталған санаттағы қылмыстардың көбісі Алматы мен Астанада жасалған. Екі қалада тіркелген фактілердің саны-51. 

Рейтингте антилидерлердің қатарында  Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы тұр. Қостанайда былтырдың осы мерзімімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық 21-ден 40-қа, Түркістанда 37-ден 39-ға, Шымкентте 23-тен, 36-ға өскен. 

Ал ең аз жемқорлық деректері Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында тіркелген. 

Екі айда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 37 пайызын пара беру құрайды. Жыл басына бері мұндай 164 дерек тіркеліп, былтырғы мерзіммен салыстырғанда 45 пайыға көбейген. Екі айда 141 пара беру дерегі анықталған (-6,6 пайыз). 

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа ішкі істер органдарының қызметкерлері көбірек барады. Бұдан кейінгі  орында әкімдіктің, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері тұр.

«Хаттама әкімдікте түзілді» Батырбек Көшербай әділдікті соттан да таба алмады
Түркістан мен Шымкенттегі бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу