Экономика министрі азық-түліктің не үшін қымбаттағанын айтты

Oinet.kz 26-01-2019 1327

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүйлейменов отандық нарықтағы тауар бағасының не себепті қымбаттап кеткенін түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Министр 2018 жылдың басынан бері тауарлар бағасы 1,9 пайызға өскенін жеткізді. 

"Қант бағасы - 23,4 пайыз, қырыққабат - 13,0 пайыз, күріш - 12,6 пайыз, тауық еті 11,1 пайыз өскен", - деп атап өтті ол.

Айтуынша, азық-түлік бағасының өсуіне Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы тауарлардың қымбаттауы мен оның өзіндік құнына қосымша шығынның көбеюі себеп болған.

Ал қанттың шарықтап кетуі импорттық қант шикізатының бағасына қатысты өзгеріп жатқан көрінеді.

"Бұл тұрғыда қанттың бағасы әлемдік нарықтағы, әсіресе Ресей нарығындағы қант бағасының өсуіне байланысты болып отыр", - дейді министр.

Ал қырыққабат бағасы эскпортқа шығару көлемі ұлғайған соң қымбаттап кетіпті.

"Басқа көкөністермен салыстырғанда қырыққабат бағасы анағұрлым өскен. Оның маусымдық және сақтауға кететін шығынын ескерсек, әрмен қарай тағы да қымбаттауы мүмкін", - дейді Сүйлеменов.

Ал тауық етінің 50 пайызы елімізге АҚШ-тан импортталатын болғандықтан, доллар бағамы өскен сайын тауар түрінің де қымбаттай түсуі заңдылық.

Алайда Қазақстанның 11 өңіріндегі шектік бағадан 15 пайызға асып кеткен тауар бағасын қайта төмендету көзделіп отыр екен.

"Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының әкімдіктерімен қант бағасы туралы жиын ұйымдастырылды", - дейді Ұлттық экономика министрі.

Кәсіподақ мамандарының көмегімен жалақы қарыздары жойылуда
Оғыз Доған Жазира мен Жанболатты қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу