Қазақстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды
Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды.
Сапар аясында Ауғанстан Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадармен кездесу өтті.
Тараптар сауда-экономикалық, транзиттік және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геобарлау және цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық келешегін қарастырды.