Қазақстан. Мұнайға «байланған» бюджет

Screenshot_18.jpg

Қазақ елінің үкіметі бюджетке байланысты есеп-қисабын мұнай бағасына қарап жүргізетіні мәлім. Өткен жылы құны құлдыраған «қара алтын» бюджетті нақтылауға мәжбүр еткен болатын. Биыл әзірге 50 доллардың үстінде. 

Ел бюджеті де барреліне 50 доллар мұнай бағасына негізделіп жасалып отыр. «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды таныстыру кезінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын әзірлеуде АҚШ долларының есептік бағамы 360-тан 330 теңгеге дейін өзгеруі, әлемдік нарықтағы ағымдағы үрдістер ескерілгенін айтып өтті. «2017 жылғы мұнай бағасының болжамдық құны барреліне 35 доллардан 50 долларға дейін өзгертілді. Металл бағасының индексі 2016 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғарылайды», - деді Т.Сүлейменов. Сондай-ақ, министрдің мәлімдеуінше, биыл ел экономикасының өсімі 2,5 пайыз деңгейінде болады деп жоспарлануда. Ал республикалық бюджеттің кірісі 2017 жылы 4 трлн 891 млрд теңге болады деп жоспарланып отыр, бұл бұның алдында бекітілген жоспардан 554 млрд теңгеге көп. Министрдің мәліметтері бойынша, Ұлттық қордан бағытталатын мақсатты трансфер 1 трлн 092,9 млрд теңгеден 1 трлн 534,6 млрд теңгеге, бюджет тапшылығы 969,8 млрд теңгеден 1 трлн 547,9 млрд теңгеге дейін артады. «Ұлттық қордан бағытталатын мақсатты кепілдендірілген трансферт 2 трлн 880 млрд теңге көлемінде сақталады. Осыны қоса алғанда, республикалық бюджеттің 2017 жылғы шығысы 11 трлн 176,4 млрд теңге деп белгіленді», - деді Т.Сүлейменов.

Мұрағаттан, 2017 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан әлемде алтын қоры бойынша нешінші орында?
  • Әрекетсіз салық төлеушілер кімдер?
  • 200 теңгелік банкноттар қайда кетті?
  • Әблязов Қазақстаннан 7,5 млрд. доллар ұрлап шетелге қашқан
  • Қазақстан. Мұнайға «байланған» бюджет
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика