Арықтағыңыз келсе - көп ұйықтаңыз

Oinet.kz 14-10-2019 1167

Screenshot_14.jpg

Аз уақыт қана ұйықтау адамды көп тамақтануға мәжбүрлейді, деп есептейді ғалымдар. Ал мөлшерден тыс тамақтану семіздікке алып келетіні белгілі.

Мамандар көп тамақтану мен ұйқының арасындағы айырмашылықты білу үшін зерттеу жүргізіп көрді.

Тәжірибеге қатысқан 14 ерікті екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың қатысушылары тәулігіне 7,5 сағат ұйықтауы тиіс, ал екінші топ небәрі 4 сағат қана.

Бірнеше уақыт өткен соң зерттеушілер олардың көңіл күйі мен тәбеті қандай болатындығын білмек болды.

Белгілі болғандай, екі топқа да бірдей тағамдар берілсе де, 4 сағат ұйықтаған адамдар ылғи да тоймай қалып, қосымша тамақ сұрап жүрді.

Шетелдік БАҚ-тан хабарлағандай, АҚШ тұрғындарының 40 пайызы тәулігіне 7 сағаттан аз ұйықтайды, ал бұл тұрғындардың 35 пайызын семіздікке алып келген.

Ер баланың тәрбиесі...
Сыздауықты қайтарудың халық емі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу