Кітапты оқуға қалай дағдыланған дұрыс?

Oinet.kz 16-10-2019 1256

pic_l_min.jpg

Кітап барлық білімнің бұлағы. Кітап кез келген уақытта кез келген адамға қол жетімді. Әр адамның өзіне арналған жанры болады, яғни өзіне ұнайтын. Мейлі фантастика, детектив...

Адамға өмір бойына өзіне ең қажетті тек бір ғана кітапты оқуға болады. Ал сол кітапты табу үшін 10 000 кітап оқуға тура келеді.

  • Кітаптардың тізімін жаса. Өзіңе таныстырылымы қатты ұнаған кітаптардың тізімін жаса. Бастысы өзіңе ұнауы, ал қандай жанрда болатыны тіптен де маңызды емес. Немесе бір автордың кітаптарын, бір бағыттағы кітаптардың тізімін де жасауға болады.

  • Кітаптың форматын, өзін таңда. Яғни кітап па, электроны нұсқасы ма, планшеттен бе, телефон, компьтерден бе, өзіңе қолайлы нұсқасы. Мүмкіншіліктер өте көп. Әсіресе қазір кітапты телефоннан оқыған өте тиімді, себебі ол үнемі жаныңда, ал ол кітапты кез келген жерде, автобуста, кептелісте, кезек күтіп отырғаанда да оқуға мүмкіндік береді. Телефонға жақсы кітап оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама енгізіп ал. Мәселен Wattpad, bookmate, litres бағдарламары көптеген форматта кітап оқуға мүмкіндік береді.

  • Қолайлы жерде оқы. Кітап оқыған үй тапсырмасын жасағандай сезім тудырмауы қажет. Сол үшін табиғатта немесе диванда ыңғайланып отырып, шай ішіп отырып, кімге қалай жақсырақ, солай оқығаны жақсы. Кітап оқығанда ойдың басқа бір дүниеге бөлінгені дұрыс емес, алаңдамау үшін, жұрттан таса жерде, мобильді интернетті өшіру арқылы оқуға кірісуге кеңес беріледі.

  • Белгілі бір уақытта оқы. Әрине кітап құрттары үшін кітап оқу еш қиындық туғызбайдыы. Олар керісінше көп оқыған сайын ләззат алып, кітаптың қызығына батып кетеді. Бір сөзбен айтқанда уақыт оларға кедергі емес. Ал кітап оқуды жаңа бастаған адамға күні-түні бас алмай кітап оқу зеріктіретін шаруадай көрінеді. Сондқтан арнай уақыт бөліңіз. Жоспарлы түрде істелінген жұмыс, үнемі жемісін береді.

  • Аз көлемді кітаптардан бастаған жөн. Кітап оқуды шеше сала, «Қан мен тер» трилогиясынан бастаудң қажеті жоқ. Шағын кітап, журналдардан бастаған дұрыс, әрине өзіңе қызық көрінген. Көбінесе жаңа кітап оқуға кіріскен адамдарға шытырман оқиғалы кітаптарды оқуға кеңес беріп жатады.

Омыртқаны түзетуге арналған жаттығулар
Сарымсақ, бал және сірке суы қоспасының пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу