Диетологтардан 24 кеңес

Oinet.kz 29-11-2019 996

  1. Ересек адамдарға күніне 2 литр су ішу ағза үшін маңызды (салмақ мөлшеріне есептеп).

  2. Диетада алкогольге рұқсат беріледі, бірақ тек бір стақан құрғақ қызыл шарап.

Диета.jpg

3. Ұйқыдан оянғаннан кейін ас қорыту жүйесін ақырын іске қосу үшін аш қарынға 1 стакан жылы су ішу ұсынылады. Таңертеңгі процедуралардың барлығынан кейін таңғы ас 30 мин соң рұқсат етіледі.

4. Әр тамақтанардан 30 мин алдын 1 стакан су ішіңіз. Тамақпен бірге сусын ішпеңіз.

5. Күндіз тамақтану режимін күніне 5-6 рет жоспарлаңыз.

6. Соңғы тамақ ұйқыдан 3 сағат бұрын болуы керек. Ауыз суға кез-келген уақытта рұқсат етіледі.

7. Шай мен кофені қантсыз, сондай-ақ ешқандай қоспасыз ішуді әдетке айналдырыңыз.

8. Картопты аптасына 2 реттен көп жемеңіз. Тек қайнатылған немесе пісірілген түрінде жеңіз

9. Жүзім мен банан - жоғары калориялы тағамдардың бірі, сондықтан өзіңізді шектеңіз.

10. Ашығу күні аптасына бір рет өткізуге болады.

11. Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы кешкі 18-ге қарай максималды жұмыс жасайды, демек, бұл жаттығу үшін ең қолайлы уақыт.

12. Әрдайым спортты ұмытпаңыз. Таңертең және кешке оңай жаттығулар жасаңыз. Бұл әрекеттер метаболизмді жеделдетеді.

13. Спортпен айналысу үшін ең қолайлы уақыт - 17.00-ден 20.00-ге дейін. 11-тармақты қараңыз.

14. Таңғы ас - күннің маңызды кезеңі, оны ешқашан жіберіп алмаңыз!

15. Сорпалар, салаттар, қайнатылған ет, көкөністер мен жемістер түскі асқа жарайды.

16. Перекустарға: айран, салат, айран, майы жоқ қайнатылған ет, көкөністер.

17. Кешкі ас: жеңіл салат, сүзбе, йогурт немесе бұқтырылған көкөністер.

18. Жемістерді күннің бірінші жартысында жеген абзал.

19. Қуырылған тағамдар туралы ұмытыңыз.

20. Салаттарды қаймақ немесе табиғи йогуртпен араластырыңыз. немесе май. Майонезді қоқысқа тастаңыз.

21. Көшедегі тағамдар туралы ұмытыңыз; фаст-фуд, күнбағыс тұқымы, тұздалған жаңғақтар, чипсы және тағы басқалар. Егер сіз салмақ тастағыныз келсе" тәтті тағамдарды азайтыңыз, мүмкіндігінше күннің бірінші жартысында жеңіз(мысалы, қара ащы шоколад). 22. Май мен ұнды рационнан толығымен алып тастасаңыз жуйке жүйесі бузылып күйзеліске түсесіз. Мөлшермен қолданыңыз.

23. Аз-аздан жиі тамақтанамыз. 5-6рет

24. Өзіңе кішкене табақ алып, шай қасықпен тамақтан.

Түскі ас қандай болу керек?
Бетіңіздегі бояуды жумай ұйықтап қалсаңыз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу