Бетіңіздегі бояуды жумай ұйықтап қалсаңыз...

Oinet.kz 29-11-2019 1546

Әйелдер қауымы күндіз жүздеріне бояу жағуға бірнеше сағатын арнайды. Алайда, кешкісін жұмыстан немесе оқудан шаршап келіп, макияжды сүртугеу жууға ерініп жатады. Кейде сол күйінше ұйықтап қалады. Ал сол еріншектік неге апаратынын оқып көріңіз. 

Ерте қартаю және мыжылған бет терісі

Картинки по запросу әжім

Макияжды жумай ұйықтап қалуды салдарынан бет терісіне тез әжім түседі. Салдарынан қартаю процессі ерте жүре бастайды. Онсыз да бет терісі күні бойы тональді кремдердің салдарынан тотығу процессіне ұшырайды. Ал оны түнімен жумай ұйықтасақ, коллагеннің бөлінуін баяулатады. Бет терісі түнде барынша таза болуы керек. Ең дұрысы теріңізге сай келетін ылғалдандырылған иіс май жағып жатыңыз.

Жұқпалы аурулар

Картинки по запросу макияж

Егер сіз кірпікке арналған тущь пен көзге арналған тенді кетірмей ұйқыға кетсеңіз, көп ұзамай окулистің есігін қағатын боласыз. Өйткені май бездерінің бойында орналасқан шаш фолликулалары сұлулық өнімдерінің қалдықтарымен бітеліп қалуы мүмкін. Салдарынан конъюнктивит және жұқпалы аурулардың басқа да түрлері пайда болады. Жалпы тущь кірпікке өте зиян. Жиі қолданатын болсаңыз кірпіктеріңіз сынғыш әрі жұқара бастайды.

Майлы безеулер мен комедондар

Картинки по запросу прыщики

Бет терісі майлы болып келетін қыздар бетті күн сайын жақсылап тазартып отырмаса қиын жағдайға тап болатындарын жақсы біледі. Тональді кремдер, корректорлар және тағы да басқа сұйық өнімдер силикондардан тұрады. Ол тері тесігін бітеп, майдың табиғи бөлінуіне кедергі келтіреді. Салдарынан бетіңізде түрлі безеулер қаптап, қара дақтар пайда болады.

Құрғақ ерін

Картинки по запросу сухие губы

Бетке арналған косметикалардан қарағанда ерінге жағатын  далаптар өте зиян. Олардың құрамында химиялық заттар мен түсті пигменттердің жоғары мөлшері бар. Екеуінің қосындысы ерінді құрғатып, жан-жағын тартып тастайды. Кәдімгі жабысқақ ерін далабының құрамында балауыз бен парафин өте көп.

Қалпына келу процессінің бұзылуы

Безеулер, құрғақтық немесе керісінше майлылық, ерте түскен әжімдер – мұның барлығы теріні қалпына келтірудің табиғи процесіндегі теңгерімнің болмауының салдарынан. Жуылмаған макияж терінің табиғи қалпына келуін тежейді. Өйткені қалпына келу процессі түнде жақсы жүреді. Макияжды кетірмей ұйықтасаңыз, таңертең теріңіз солғын тартып тұрады.

Сол себепті қыз-келіншектер қауымына айтарымыз, қандай жағдай болмасын жатар алдында бет терісін мұқият тазалап, жақсылап жуған жөн. Өйткені әрбір әйел әдемі болуға лайықты.

Диетологтардан 24 кеңес
Бауырдың негізгі функциялары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу