Баланың бойы кімге тартады?

Oinet.kz 03-12-2019 1554

Балаңыздың бойы генге қарайды ма? Осы сұраққа жауап тапқыңыз келсе, Ойнетпен бірге бала бойын есептеу жолдарын үйреніңіз. Ендеше, кеттік...⠀

Бой өсіру.jpg

Жалпы айтатын болсақ 80% бала бойды ата-анадан алса, қалғаны сыртқы факторларға байланысты болады. Яғни тамақ, экология, өмір сүру деңгейі рөл атқарады.

Енді балаңыздың бойы шашамен қанша болады соны есептеп көріңіздер. Бұл математикалық қарапайым әдіс.

Ұл бала болса:

1. Анасының бойын, әкесінің бойына қосыңыз. Сосын оған тағы 13 санын қосыңыз. Оны екіге бөліп, осылайша балаңыздың бойын біліңіз.

Мысалмен келтірейін: Анасы 1.60 см + әкесі 1.70 = 3.30 + 13 =(3,43*100)=343:2 = 1.71 см

Қыз болса:

2. Анасының бойын, әкесінің бойына қосыңыз. Сосын одан 13 санын алып тастайсыз. Кейін шыққан санды екіге бөліп, осылайша қызыңыздың бойын білесіз.

Мысалы:: Анасы 1.60 см + әкесі 1.70 = 3.30 - 13 = 317 :2 = 1.58 см. Бұл шамамен осылай шығады.

Екінші әдісі.

Қызыңыз 18 айға толғанда, ұлыңыз 2 жасқа келгенде бойын жазып алу керек. Сосын оны 2-ге көбейтіп, оған 10 см қосса шамамен бойы шығады.

Миллионер болудың жолдары
Мария Монтессори методикасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу