Мария Монтессори методикасы

Oinet.kz 03-12-2019 1245

Бала өзімен-өзі ойнап, тезе есейіп, жауапкершілікті мойнына алуды үйренсін десеңіз Мария Монтессори методикасына аса мән беріңіз.

Мария Монтесерри.jpg

Онымен айналысу үшін арнайы бір қымбат ойыншықтар керек емес. Үйдегі бар заттарменде қызықты тапсырмаларды ойлап табуға болады.

Екінші суретте арнайы қорапшаға салып ойнайтын тапсырмалар бар. Шамасы 3-4 жасқа арналған. Моторика, логика, фантазияны жақсы дамытады.

Бұл жерде айтып кететін маңызды бір ақпарат, балаға тапсырманы қызығушылығына сай таңдау керек. Әйтпесе жасамайды. Сосын сіз бір рет көрсетесіз, кейін өзі жасау керек. Араласпаңыз. Тек түсінбей жатырмын - деп көмек сұраса қайта көрсетесіз.

Негізі, Мария Монтессори әдісінің басты ұстанымы - «Анашым, маған бәрін өзіме жасауға мүмкіндік берші». 

Есіңізде болсын, Теория тұрғысынан қарағанда практика баланы қанаттандырады.

Баланың бойы кімге тартады?
Қалқанша безі ауруының 10 белгісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу