Сусабынсыз шашты жуу және оның әсері

Oinet.kz 04-12-2019 1519

Қыздардың өзекті мәселесінің бірі – майлы шаш. Аптасына 3-4 мәрте шашты жууға мәжбүрміз. Алайда, оның әсері керісінше шаштың құнарын жоғалтып, майлануына септігін тигізеді. Ендеше, әлемнің түпкір-түкпірінен жиналған пікірлерге көз жүгіртейік. Сусабынсыз шашты жуу мүмкін бе?

АҚШ-тағы Алексис есімді арудың сусабын қолданбағанына бір жылдан астам уақыт болған. Бұрын аптасына 4 рет сусабын қолданатын Алексис қазір шашын тек сумен жуады. Айтуынша, бастапқы 1 айда майлы шашқа көнуге тура келеді екен. Ал кейіннен өлген, құнары кеткен шаштан бір жолата құтылып, сусабынды іздемейтін болған. 

Автор AdMe.ru проверила, можно ли вымыть голову без шампуня и сколько продержится эффект

Жарты жылдан бері сусабынға тәуелсіз Словакия тұрғыны Патриция бұрын аптасына екі рет арнайы құрамы барынша табиғи өнімдерді пайдаланатын болған. Кейіннен, екі ай бойы ешқандай сусабынсыз, салқындатқыш, бальзамдардың көмегінсіз шашты жуудың әдістерін зерттей бастаған.

Лимон немесе цитрус шырындарымен шашты жуу арқылы оныңи түсі айқындалып, өңі кіреді. Әртүрлі халық емімен шашын жуып жүрген Патриция 5 аптадан соң барып таңқаларлық нәтижеге қол жеткізген. 

Словакиялық арудың айтуынша, көбіне сумен жуады. Алайда аптасына бір рет әртүрлі тәсілдермен шашын тазалайды. Мысалы, 

1-ші апта: жұмыртқамен жуу;

2-ші апта: хна немесе шөптермен;

3-ші апта: ұнмен;

4-ші апта: сода мен алма сірке суы;

Соңғы тәсілде ресейлік Полина есімді ару да қолдайды. Айтуынша, тез кірленетін, жағымсыз иіс шығып, майланғыш шаштарға аптасына бір рет осы тәсілмен 2 қасық сода мен аздаған сірке суын пайдаланып жуса шашты құрғатады екен.

image.png

Жаңа жылға арналған сыйлықтар тізімі
Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу