Жаңа жылға арналған сыйлықтар тізімі

Oinet.kz 03-12-2019 1706

Әдетте адамдар жаңа жылда жақындарынан сыйлық күтеді. Ал сыйлық таңдау оңай емес. Себебі, жыл тренді, талғам, таңдау, оны ұнату секілді нәрселер үнемі адамның ойында жүреді. Әркімнің талғамы әр түрлі. Сен таңдаған зат сен сыйлайтын адамға ұнамауы мүмкін. Ендеше OINET.KZ сайты сіздер үшін сыйлықтар тізімін жазып қойды. Керегін таңдап аларсыз.

Картинки по запросу сыйлықтар

Тұрмыстық техника, гаджеттер

Робот-шаңсорғыш – бұл зат жақындарыңызды жаңа жылымен құттықтау үшін апаратын таптырмас сыйлық. 

Дәмдеуіштерді ұнтақтауға арналған автоматты диірмен. Сыйлықтың бұл түрі әйелдерге арналғаны анық.

Мультиварка немесе шырын дайындауға арналған құрал. Бұл әр үйдің асханасында бар болғанымен, артықтық етпейді. Үй иесі қуанып қалады. 

Портативті колонка көп уақыт музыка тыңдауға үйренген барлық адамдарға пайдалы. Мұндай сыйлықты алған адам әрқашан сүйікті музыкасын тыңдағанда сізді есіне түсіреді.

Фотоаппарт, принтер, оятқыш секілді адамдардың қызығушылығына байланысты түрлі сыйлықтар сыйласаңыз болады.

Жұмысқа немесе оқуға арналған құрал-жабдықтар

Кісі есімі жазылған қаламсап.

Ерекше стильді күнделік-блокнот

Қойын дәптер

Күнделікті жоспар жазатын стикерлер

Айтпақшы, жыл тренді – шексіз пайдалануға болатын дәптер. Мысалы, бір нәрсені жазып ол жарамай қалса, оны арнайы құрғақ сүлгімен өшіріп басқалай жазуға болады.

Сіз сыйлық беретін адамыңыздың талғамынан, таңдауынан мүлдем хабарыңыз жоқ болса, арнайы сертификаттарды сыйға тартсаңыз да болады. 

Ал қымбат сыйлықтарды қалтаңыз көтермесе, адамға пайдалы, күнделікті өмірде қолданатын заттарды сыйға тартыңыз.

Фолий қышқылы (B9) дегеніміз не?
Сусабынсыз шашты жуу және оның әсері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу