Сона, маса, құмырсқа, түрлі жәндіктер шағып алса...

Oinet.kz 05-12-2019 3030

Егер осындай жағдай орын алса, шағып алған жер қызарып, ісініп, қарайып кетеді. Бұл шаққан жәндіктің күшіне қарай. Жәндіктің уыты неғұрлым күшті болған сайын, ісініні көлемі де соғұрлым жоғары.

Screenshot_14.jpg

Не істеу керек?

Егер шаққан жерде жәндіктің инесі қалып кетсе, оны күйдірілген инемен немесе басқа да құралдармен алып тастау керек. Есте ұстар жайт, жәндіктің инесін түбімен суырып алған абзал. Егер түбімен суырмасаңыз, иненің уыты денеде қалып кетеді. Мұндай жағдайда жазылу процесі өте ұзақ жүреді. 

Инесі алынған жараны жылы сумен жуып, жараны марганец немесе сода қосылған суға батырылған дәкемен біраз уақыт орап қою керек. Аллергия болған жағдайда балаға антигистамин преператын беру керек. Мұндай жаралардан бала 2-3 күнде толық жазылып кетеді. 

Жолдағы дәрі-дәрмек қалтасында не болу керек?
Ит қауып алса не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу