Өзіңізге деген сенімсіздік неден туады?

Oinet.kz 12-12-2015 1373

Сенімсіздік қолға салынған кісен секілді, сізге бар қабілетіңізді еркін пайдалануға мүмкіндік бермейді. Өзіңізге деген сенімсіздік қалай пайда болады? Он жеңудің жолдары қандай? Бүгін осы тақырып аясында бірнеше кеңес ұсынамыз: Өткен күннің қателіктері: Бір ғана қателік адамның өзіне деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгерте алады. Дегенмен, өткенді өзгерту мүмкін емес. Қателікке бола мойымай, оның орнына оны болашақта қайталамайтын үлкен сабақ ретінде қабылдаңыз. Өткен өміріңіз бүгінгі күніңізге көлеңке болмасын. 

image.png

сенімсіздік

  • Тәрбие: Егер бала кезіңізден айналаңыздағы жандардың сіздің іс-әрекетіңізге көңіл толмайтынын жиі естіп өссеңіз, бұл қазір батыл шешім қабылдауыңызға кедергі болатыны анық. Бірақ, сіз есейдіңіз әрі бұл – сіздің өміріңіз, таңдауыңыз. Оған өзгелердің араласуына жол бермеңіз.  

  • Өзіңізді өзгемен салыстыру: Сіз – жеке тұлғасыз. Сіздің жеке пікіріңіз бар. Өзіңізді өзгелермен салыстырудан гөрі, бағаңызды білу тиімдірек. Әр адам – әртүрлі. Сеніңіз, сіздің қолыңыздан келетін кей зат сіз қызығатын адам үшін таңсық болуы мүмкін. Дегенмен, кейде даму үшін өзіңізді өзгелермен салыстырып отыру артық етпейді. Тек шекарадан аспасаңыз болды. 

  • Бейтаныс жағдай: Кенеттен орын алған оқиға кезінде өзіңізге деген сенімділігіңіз жоғалып кете ме? Уайымдамай, бұл жағдайды сізге берілген мүмкіндік ретінде қабылдаңыз. Дұрыс шешім қабылдап, нақты әрекетке көшіңіз. Қорқынышыңызды жасыруды ұмытпаңыз.  

Үш аптада өзіңізге деген сенімділікті ояту үшін: 

• 1-апта: Күн сайын сізді бақытқа бөлеген 3 нәрсені жазып жүріңіз. Уақыт өте өміріңізе қуануға тұрарлық нәрсенің көп екенін аңғара бастайсыз.  

• 2-апта: Өзіңіздің қабілетіңізге күмән келтірген жағдайларды, оның тууына әкелген себепті жазыңыз. Апта аяғында өзіңіздің басты қорқынышыңызды анықтайсыз. Кейін онымен күресудің жолын қарастырыңыз.  

• 3-апта: Өзіңізге деген сенімсіздікпен күресу үшін қандай әрекетке барғаныңызды жазыңыз. Қадамыңыз кішкентай болса да, мұның өзі – ілгері жылжу. Демек, сіз мақсатыңызға жақындап қалдыңыз. Өзіңізге деген сенімсіздіктен арылсаңыз, кей армандарыңыздың қақпасы жақын екенін аңғарасыз. Сәттілік тілейміз!
Дереккөз: massaget.kz

Тойға дайындық: қонақтар тізімі
Үйді жайлы мекенге айналдыру: 10 кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу