Әр күніңіз сәтті болуы үшін...

Oinet.kz 02-05-2019 821

Таңды қалай қарсы алсаңыз, күніңіз солай өтеді. Ұйқыңыз қанбағанына, не басқа да болмашы жағдайларға қабақ түйіп, өз көңіл*күйіңізді өзіңіз түсірмей, таң ата сала күннің сәтті өтуіне мүмкіндік туғызыңыз. Таңды сүйікті әуеніңізбен қарсы алыңыз. Рэгги – ең жақсы нұсқа болмақ. Бірден жүзіңізге күлкі үйіретін ән болсын. Ояна сала күлімсіреңіз. Күлкі өте маңызды. «Өмір – ғажайып» деп айтыңыз, дауыстап айтсаңыз тіптен жақсы. Ешқандай ғажайыпты байқамасаңыз да, түнде көңілсіз ұйықтасаңыз да осылай айтыңыз. 

түнгі қала.jpg

Нәтижесін көресіз. Визуализацияға бес минут уақыт бөліңіз. Ең ұлы армандарыңыз орындалғанын көзге елестетіңіз. Белгілі бір зат болсын, жағдай, кездесу, таныстық, той... Қиялда шек жоқ, тек дұрыс армандай біліңіз. Оның түсін, дыбысын, иісін, түрін түгел елестетіңіз. Уәде береміз: бұл арманыңыз міндетті түрде орындалады. Салқын душ қабылдаңыз. Жылы су мен салқын суды кезектестірсеңіз де болады. Бұл ағзаны әлдендіріп, мол қуат сыйлайды. Өзіңізді жеңіл сезінетіндей таңғы ас ішіңіз. Ыстық кофені сүтпен ішсеңіз де болады. Әр ұрттаған сайын терезеге қарап, рахатын сезініңіз. Жаттығу жасаңыз. Тек ас ішкеннен кейін бірден кіріспеңіз. Аз дегенде жарты сағат өтуі керек. Таңғы асқа дейін жасап алсаңыз тіпті жақсы. Бастысы теріге жан кіруі керек. Сонда ол сіздің кез келген тапсырмаңызды орындауға дайын керемет машинаға айналғандай болады. Жаңа күнді күліп қарсы алуға аттаныңыз. Әр жаңа күн – тағдырдың теңдессіз сыйлығы. Оның қанадй болатынын, қалай өтетінін сіз ғана шешесіз. Күлімсіреуді ұмытпаңыз, әлем керемет! Бүкіл әлем сіздің ішіңізде!

Дереккөз: massaget.kz

Бас терісі құрғақ болмас үшін..
Таңғы ас кезінде жеуге болмайтын тағамдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу