Әрбір адам білуі керек психологиялық кеңестер

Oinet.kz 20-02-2019 907

Біздің әрбір күніміз – психология. Себебі адамның әрбір іс-қимылы мен сөйлеген сөзі өзі жайынан хабар беріп тұрады. Ал мына төмендегі психологиялық кеңестер өмірде кездесетін түрлі ситуациялар мен өзіңізді, айналаңыздағы адамдарды тануға үйретеді. 

Screenshot_10.jpg

1. Бір топ адам күлгенде, әрқайсысы топ ішіндегі өзіне іштей ұнайтын адамына қарап күледі екен. 

2. Қолдарының көмегімен әңгімесін түсіндіргісі келген адам, сізге сенеді. 

3. Әңгіме барысында басыңызды изеп немесе сұрақ қойып отырсаңыз, тыңдаушылар сіздің сөзіңізге толық кіріге бастайды. 

4. Өтірік сөйлеп жатқанда, сөз арасына ұялдыратындай, қымсынатындай оқиға қоссаңыз, сіздің жалған сөзіңіз сенімдірек шығады. 

5. Егер адамға сұрақ қойғанда толық жауап бермесе, күте тұрыңыз, ол міндетті түрде әңгімесін жалғайды. 

6. Біздің есімізде аяқталған сабақтан гөрі, үзіліп қалған сабақтар көбірек қалады (бұл Зейгарник эффектісі деп аталады). Сол сияқты бір әннің сөздері ойыңыздан шықпай қойса, сол өлеңнің соңғы қатарын ішіңізден қайталай берсеңіз, тезірек ұмытып кетесіз. 

7. Бір адамнан жақсылық жасауды өтінсеңіз, сіз де оған жауап қайтаруға дайын болыңыз. 

8. Күйзеліс кезінде сағыз шайнаған көмектеседі. 

9. Әңгіме барысында тыңдаушының аяғының ұшы сізге қарап тұрса, ол сізді шын ниет қойып тыңдап тұрғаны. Ал басқа жақа бағытталып тұрса, ол тезірек сізден құтылуды қалайды. 

10. Егер біреумен танысуға барғанда, есімін ұмытып қаламын деп  қорықсаңыз, оның есімін жиі сұрақтарыңызға қосып отырыңыз. Мәселен, «Сәллем, (аты)», «Халің қалай, (аты)?». 

11. Егер бір адаммен кездескенде қуанышты екеніңізді білдірсеңіз, ол да шын мәнінде қуанатын болады. 

12. Әңгімелесушінің көзіне қарап сөйлессеңіз, оның сізге ықыласы ауады.  

Дереккөз: el.kz

Арықтауға көмектесетін ботқалар
Шаш тез өсу үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу