Лимонның пайдасы

Oinet.kz 10-02-2020 1583

Құрамында С витамині болғандықтан лимонның адамға пайдасы зор екенін бәрі біледі. Бұл жемісті шайға қосып, тамаққа да пайдаланып, простуданы емдеуге де қолдануға болады. Бірақ, лимонның тигізер пайдасы мұнымен де шектелмейді.

unnamed.jpg

Цитрусты жемістің жұпар иісі жүйке жүйесін тыныштандырып, алаңдаушылықты азайтып, ауыр күннен кейінгі жүктің бәрін сылып алып тастағандай ләззат сыйлайды.

Лимонның тағы бір ерекше қасиеті бар. Одан шыққан керемет иісті күн сайын жұту арқылы адамның есте сақтау қабілеті артып, ақыл-ой күші толыса түседі. Егер лимон иісі шығып тұрса, тіпті жұмыста да адамдар қателіктерге аз жол береді.

Лимонның эфир майы – депрессиядан емдеп шығару күші бойынша дәлелденген мүмкіндік. Сол себепті барлық дәрі-дәрмекті пайдаланып, одан нәтиже шықпаған болса, онда осы бір жеміс түрін пайдаланып көріңіз. Лимонда тек хош иіс ғана емес, бактерицидті заттар шоғыры бар. Ол бөлме ауасын ерекшелендіріп тұрады.

Көптеген адамдар қан қысымының жоғарылап кетуінен қиналып жатады. Лимон бұл жағдайда да көмекке келеді. Оның иісі қан қысымын түсіруге қабілетті.

Сонымен қатар, құмырсқа, шаян, маса секілді құрт-құмырсқалар да лимон иісі шығып тұрған үйде қалмайды. Осылайша сіз химиялық тазалау дәрілеріне ақша кетірмейсіз.

Тырнақ күтімі: йод «ваннасы»
Ешқашан жеңілмеуге 12 себеп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу