Үй жағдайында медициналық бетпердені қалай жасауға болады?

Oinet.kz 05-03-2020 2549

Әлем жұртына қауіп төндіріп тұрған коронавирус ауруы пайда болғалы қорғаныс бетперделеріне деген сұраныс көп болып жатыр. Бұл қауіпсіз бетперделерді үй жағдайында өзіңіз жасасаңызда болады. Айтпақшы, бұл бетперделер арзан әрі ұзақ уақыт қолдануға болады.

Kak-pravilno-nosit-meditsinskuyu-masku_010-e1553614314773.jpg

Қайта пайдалануға арналған мата-дәке бетпердесі

Қолдан жасалынған мата-дәке бетпердесін 4 сағат тағып жүруге болады. Ал дүкеннен алынған бетпердені 2 сағаттан артық  тағуға болмайтыны бәрімізге мәлім. Әрі бұл бетпердені жууға да болады. 

Сонымен, медициналық қорғаныс бетпердесін жасау үшін қажетті заттар: дәке, мақта, ине-жіп, сызғыш және қайшы.

Барша адамдарға лайықты стандартты бетпердені жасау құрылымы.

1. 100 см х 50 см пропорцияда дәкені қырқып аламыз

2. 20 см х 30 см пропорцияда мақтаны қырқып аламыз. Мақтаны жұқалап жайып аламыз, қалың болып қалмасы үшін. Дем алуға кедергі келтірмес үшін. 

3. Мақта бетпердеден тысқары шықпау үшін жан жағын тігіп қоямыз

4.  Бетперде үшін бау жасаймыз. Бұл үшін дәкені 30-35 см ұзындықта қара-қарсы бағытта кесіп аламыз. 

57-1580804031-22181085_41175.jpg

Қорғаныс бетпердеміз дайын болды. Ауру қаптап бара жатқан бұл уақытта бетпердені үзбей тағып жүріңіздір. Әр адамның денсаулығы өз қолында екенін ұмытпаңыз!

Баланың көңіліне қаяу түсіретін 10 сөз
Үй жағдайында қара дақтардан қалай құтыламыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу