Үй жағдайында антисептикті қалай жасай аламыз?

Oinet.kz 17-03-2020 1716

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус кезінде күнделікті қолды тазалап жуған соң антисептикті қолдануды ұсынады. Қолдануға ыңғайлы болғандықтан антисептикті сұйықтық түрінде болғаны дұрыс. Сонымен қатар, оны мақта жастықшаларына себу арқылы есіктің тұтқасы, кілттер мен ұсақ заттарды тазалауға болады. Қазіргі таңда осы пайдалы антисептикті дәріханаларда табу қиындық туғызуда. Сол себепті, вирустан қорғайтын антисептикті үй жағдайында қалай жасаймыз? Ендеше, біз сіздерге жасалу жолын ұсынамыз. Назар салыңыздар!

antiseptik.jpg

№1. Бізге қажетті заттар:

100 мл концентрациясы бар изопрпил спирті немесе концентрациясы 96% этанол(медициналық спирт)

5 мл сутегі асқын тотығы (водорода) 3%

2 мл глицерин 98%

10-15 мл салқындатылған қайнаған су

Жасалу тәсілі:

Барлық қоспаны алдын дайындалған ыдысқа құйып мұқият араластырамыз. Біркелкі сұйықтық пайда болады. Дайын болған сұйықтықты бүріккіш ыдысқа құйып, қолдансаңыз болады. Сонымен қатар, сұйықтыққа 2-3 тамшы кез келген эфир майын қоссаңызда болады. Бұл тазалаққа кері әсерін тигізбейді, есесіне хош иіс шығарады. Тек ескеретін жайт: бұл хошиістендіргішті тұтыну өзгелерде аллергия тудыруы мүмкін.

№2. Бізге қажетті заттар: 

50 мл су

50 мл спирт тұнбалары (түймедақ, қырмызыгүл)

30 мл глицерин

5 тамшы лимон эфир майы

Жасалу тәсілі:

Барлық қоспаны мұқият араластырып алып, бүріккіш ыдысқа құйамыз. Сол арқылы ыңғайлы қолдана аласыз. Спирт тұнбалары микробтарды өлтіреді, глицерин қолды жұмсартады және эфир майы хош иіс таратады.

№3. Бізге қажетті заттар:

7 тамшы эфир майы

50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, қырмызыгүл)

1 шәй қасық алоэ вера гелі

Жасалу тәсілі:

Барлық қоспаны жақсылап араластырып аламыз. Дайын болған сұйықтықты ыдысқа құйып, ыңғайлы етіп қолданамыз. Спирт және эфир майы қолды дезинфекцияласа, ал алоэ вера гелі қолды құрғақтықтан сақтайды.

Мұндай антисептиктарді қолдану инфекция жұқтырып алудан сақтайды.  

Іштегі артық майдан қалай арыламыз?
Үй жағдайында қайызғақтан қалай арылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу