Тез өкпелеудің 5 себебі

Oinet.kz 01-03-2020 2556

"Мен өкпелеуді қойған кезде, мені өкпелетуді қойды"... Былай қарасаңыз, түсінуге қиын. Қалай? Қалайша жанды жеріңе тиіп бара жатса, өкпелемеуге болады? Негізі өкпелеyіміздің себебі бізді өкпелеткен адамда емес, өзімізде жатыр. Өкпелеу сіздің денсаулығыңызға өте зиян. Одан арылып, бақытты болуға тырысу қажет. Ендеше біз сізге өзіңіз білмеген өкпелеудің 5 себебін көрсетеміз. Өзіңізден тауып жатсаңыз, "шындыққа өкпелемей", керісінше, "өзіңіз де мойындап", сол себептерден арылуға тырысыңыз!


dnln4rt.jpg

1. Тәкаппарлық. 

Кез-келген өкпенің артында өзін-өзгеден жоғары санау тұрады. Өзіңізді өкпелеткен адаммен өзіңізді тең көріп, түсінуге тырысып көріңіз. 

2. Өзіңізге қатысты фактілерді қабылдай алмайсыз. 

"Сіз жұмысқа кешіктіңіз","cіз жұмысыңызды дұрыс жасамадыңыз"," сіз көп тамақ жейсіз","сіз қате жібердіңіз","cізде артық салмақ бар" осы сөздерді сізге өзгелерден есту қиын ба? Әрине, қиын. Өйткені өзіңізді мойындамай тұрсыз. Сондай болсаңыз, "иә" деп айтып үйреніңіз. Сонда ешкімге өкпелемейтін боласыз. Әрине бұл сізге ұнамаса, өзіңізбен жұмыс жасап өзгертуіңізге болады. 

З. Ақталмаған үміт. 

Барлық адамнан бірдеңе күтеcіз. Ал, сіз күткен нәрсе ол адамның қолынан келмейді. Сондықтан, кез-келген затты, адамды идеал етпеңіз. 

4. Дұрыс қабылдамау. 

Кез-келген ситуацияда кімнің не істегені, нені қаншалықты бүлдіргені маңызды емес. Cіздің қабылдауыңыз маңызды. Кез-келген жағдайда қандай реакция көрсетуді өзіңіз тандайсыз. Ашуланып, жүйке жүйеңізді өлтіріп, айғайласаңыз, жыласаңыз болады. Кepicінше, сабыр сақтап, әр нәрсенің қайыры бар екенін түсініп, түсіністікпен қарауға болады. 

5. Өзін-өзі жақсы көрмеу. 

Өзін жақсы көретін адам ешқашан өзгеге өкпелеп, денсаулығына зиян келтірмейді. Бұның тек өзіне ғана зияны бар екенін түcінеді.

Күннен күюге қарсы табиғи дәрі-дәрмектер
Қарайған күміс қасықтарды қалай ағартамыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу