Үй жағдайында унитазды қалай тазалаймыз?

Oinet.kz 01-04-2020 3079

Үйге келген қонақ ең әуелі кіреберіске кіріп келеді. Бұл үйдің ең маңызды бөлмесі болып саналады. Осы жерге қарап үй иесінің қаншалықты таза екенін біле аламыз. Ал егер жуынатын бөлмеге барғанда жағымсыз көрініске тап болса, сіздің тазалығыңызға күмән келтіруі мүмкін. Сол себепті де унитаздың тазалығы әрқашанда маңызға ие.

kak-samostoyatelno-pomyt-unitaz7.jpgУнитаздағы сарғайып тұратын дақтардан үй жағдайында қалай арылса болады?

Сірке суы

Унитаздағы сары дақтардан арылу үшін қарапайым сірке суын қолданса болады. Алма сірке суы да жақсы әсер етеді. Ең жақсы әсер ететіні 70%-дық, бірақ унитазға 9% сірке суы да күтілген нәтижені береді.

Кәстрөлге немесе ыдысқа 1 стакан сірке суын құйып, қыздырыңыз. Шығатын өткір иістен аулақ болу үшін ыдыстың бетін жауып қойыңыз. Оған ас содасы мен йодты қосып, унитазға құйамыз. Екі-үш сағатқа қалдырып, сосын шайып тастаңыз. Негізі бұл тәсілді ұйықтар алдында жасаған дұрыс. Түн ұзағына қатып қалған дақтар жоғалады. Егер күтілген нәтиже болмаса, бұл тәсілді қайтадан жасап көріңіз. 

Лимон қышқылы

Унитазды сары дақтардан арылту үшін лимон қышқылын да қолданса болады. Унитазға бірнеше пакет қышқылды құйып, бетін бірнеше сағатқа қышқыл еруі үшін жауып қойыңыз. Сосын ысқышпен тазалап тастаңыз. Бұл тәсілді күтілген нәтіиже бергенге дейін бернеше рет қайталаған дұрыс. Бірақ, ескеретін жәйт: егер унитаз қатты кір болса бұл тәсіл көмектесе алмайды. 

Техникалық қымыздық қышқылы

luchshee-sredstvo-dlya-chistki-unitaza.jpg

Ал егер унитаз тым қатты кір болса ешқандай тәсілдер көмектеспесе, онда техникалық қымыздық қышқылын (щавелевая кислота) қолданыңыз. Бұл қышқыл кез келген кір унитаздың әп-сәтте таза болып шығуына көмектеседі. Мұны дәріханадан құрғақ түрінде алсаңыз болады. Оны қолданар алдында қолға міндетті түрде қолғап кию қажет. Шүберекті сулап, аздап қышқыл құйып, унитаздың кір жерлерін сонымен сүртіңіз. Тіпті, оны унитаздың ішіне толығымен құйып, бір сағатқа бетін жауып қалдырыңыз. Сосын ысқышпен тазалап тастаңыз. 

Боза қандай сусын?
Әлемдегі ең үздік жаңалықтар сайты Топ-10
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу