Ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтылу жолдары

Oinet.kz 14-04-2020 2066

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс әрбір адамның басындағы шешілместей мәселесі болып табылады. Көпшілік ортада сөйлеуге ыңғайсызданып, ойың толық жеткізе алмай жатады. Сондықтан ауыз қуысының таза болғаны әрқашанда маңызды. 

kak_izbavitsya_ot_nepriyatnogo_zapakha_izo_rta_deystvennye_sovety.jpg

Арылу жолдарын анықтамас бұрын жағымсыз иістің неліктен шығатынын біліп алған дұрыс. Ең әуелі, жағымсыз иіс ауыз қуысының таза болмағандығынан. Әрине, күнделікті тісімізді жақсылап жуамыз. Алайда, бактериялар бір жуғаннан кетпейтіні анық. Олар тіліміздің астында, тістердің арасында қалып қоюы мүмкін. Ауызға түскен тамақтармен араласып, жағымсыз иіс шығарады. 

Екінші себебі, ішек-жолдарының  дұрыс жұмыс істемеуі. Кез келген тамақты асығыс-үсігіс дұрыс шайнамай жей береміз. Бұл жағымсыз иістің шығуына әкеп соқтырады. 

Ендеше, осынау жайлылығымыздың «жауы» болған жағымсыз иістен арылу жолдарын жазайық. Соңынан дейін оқып, пайдаңызға асырыңыз!

1. Үнемі  таза су ішу

Ауыз қуысының үнемі ылғалды болуы сілекейдің қажетті мөлшерін шығаруға ықпал етеді. Әрі жағымсыз иістің пайда болуына да кедергі келтіреді. Сонымен қатар, таза суды үнемі ішу ағзадағы жағымсыз иіс шығаратын токсиндерден құтылуға көмектеседі.

2. Қара немесе көк шәй ішу

Тыныс алудың қолжетімді әрі тиімді тәсілі бір шыны қара немесе көк шәй ішіп тұру. 

Шәй полифенолға бай болып келеді. Бұл ауыз қуысында зиянды бактериялардың болуына кедергі келтіреді. Әрі жағымсыз иістен арылуға таптырмас көмекші. Тек ескеретін жәйт, шәйді қантсыз ішуге тырысыңыз.

3. Ауыз қуысының тазалығын қадағалау

Әркез жадта сақтайтын жәйт – ауыз қуысы мен тіске үнемі күтім жасау жағымсыз иістен арылудың тамаша мүмкіндігі. Тіс щеткасын 3 айда бір рет алмастырып тұру қажет. Барлық зиянды бактериялар щеткаға жиналып алады, тіпті оны қайнатқан күннің өзінде де бактериядан арылмайды. Күнделікті тісті таңертең, ұйықтар алдын және тамақтан соң тазалау керектігін ұмытпаңыз. Әсіресе, ұйықтап тұрған соң міндетті түрде тісті тазалау қажет. Өйткені, ұйықтап жатқан кезде ауыз қуысына ең зиянды бактериялар жиналады.

4. Үнемі тіс тазалағыш пен жіпті пайдаланыңыз

Бактериялар тіс арасында қалып қойған кезде жағымсыз иіс шығаратыны анық. Ал тіс тазалағыш пен жіпті үнемі қолдану арқылы тамақ қалдықтарынан құтыла аласыз. Кезінде, жағымсыз иістен де.

5. Ауыз қуысын жуғышты пайдаланыңыз

Ауыз жуғышты пайдалану арқылы ауыз қуысындағы бактериялардан құтыла аласыз. Күткен нәтиже беруі үшін жуғышпен ауыз қуысын 30 секунд бойына шаю қажет. Сосын 30 минут ештене жемей, темекі шекпеген жөн.

Кейбір адамдар ауызды шаю зиын деп жатады. Өйткені оның құрамындағы спирт ауыз қуысына зиянын тигізеді деп ойлайды. Бірақ зеріттеу бұл тазалағыштың ауру туғызуға ешқандай қатысы жоқтығын дәлеледі.  

6. Қатты жемістер мен көкөністерді жиі жеңіз

Алма, сәбіз, қияр, балдыркөк сынды қатты жемістер мен көкөністерді жиі жеген дұрыс. Олар тіс арасындағы зиянды бактерияларды тазалайды. Сонымен қатар, олар ауыз қуысындағы сілекей шығару, ылғалдандырып, зиянды микроорганизмдердің пайда болуына кедергің келтіреді. Қатты жемістерді шайнау тістер арасын тамақ қалдықтарынан тазалайды.

7. Тіс дәрігеріне жиі қаралу

Біз негізі тісіміз құрттап, түсіп қалғанда дәрігерге көрінеміз. Бұл дұрыс емес. Уақытылы тісімізді көрсетіп, ем алсақ жағымсыз иіс шықпас еді. Ауру тістерді ерте емдеген сайын, жағымсыз иістер болмайтыны анық.

8. Гастроэнтеролог дәрігеріне қаралыңыз

Егер жоғарыда айтылған кеңестер жәрдем бермесе асқазан-ішек жолдарын дәрігерге қарату қажет. Дәрігер сіз арнайы диагноз жасап, қажетті ем қабылдау шараларын таныстырады. Сол кезде бұл  мәселені түпкілікті шеше аласыз. 

Вирусқа қарсы тағамдар
Адам денсаулығына зиянды әдеттер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу