Адам денсаулығына зиянды әдеттер

Oinet.kz 15-04-2020 2160

Адам денсаулығы өмірінің мәнді де мағыналы, қуанышты өтуіне кепілдік болып саналады. Кішкентай кезімізден бізге темекі шегу мен ішімдік ішу адам денсаулығының басты «жауы» болып келді. Бір қарғанда кәдімгі әдеттер болып көрінгенімен, бірақ олардың адам денсаулығына тигізер зияны ұшан теңіз. Бұл қандай зиянды әдеттер?

sem_vrednykh_privychek_kotorye_opasny_dlya_zdorovya.jpg

Безеу мен қара дақтарды сығу

Мұндай әдеттің көптеген жағымсыз салдары болуы мүмкін. Безеулерді сығу қабынуды тудырады. Безеу пайда болған жердегі жара бактериялардың орны болып табылады. Оның үстіне ол жерде тыртықтар мен іздер қалып қояды. 

Теріңіз бөрітпелерге бейім болса, онда арнайы косметологқа жүгінгеніңіз дұрыс. Алайда безеудің түпкі шығу себебін анықтап, сонымен жұмыс жасаған жөн.

Тырнақ тістеу

Зеріттеуге сүйенсек, жер шарындағы әрбір 3-ші адам тырнақ тістейді екен. Олар мұны не үшін істейді? Зеріттеушілердің айтуынша бұл стресс пен уайымнан құтылу мақсатында жасалынады. Кейбір адамдар тырнақты жағымсыз кино көріп жатқанда немесе офисте келеңсіз жағдайда тістеп отырады. Және басқалар темекіні тастаған кезде осылай тырнақ тістесе, ал өзгелер үшін бұл күнделікті әдетке айналған. 

Тырнақ тістеу белгілі себептерге байланысты зиянды әдет болып саналады. Біріншіден, тырнақ айналасындағы терілерде қабыну пайда болса, екіншіден, тырнақтың тұтастығы бұзылып, инфекция мен саңырауқұлақтарға әкелуі мүмкін. Және бір себебі, тіс эмалының жағдайы нашарлайды. 

Тамақтанып теледидар қарау

Егер сіз бір мезетте теледидар қарап әрі тамақтансаңыз назар шашыраңқы болып, рецептор тамақтану түйсігін еске түсіре алмай қалады. Сондықтан адам әркез өзің ашыңқы сезініп, тамақ жей беретін болады. Бұл өз кезегінде семіздікке алып келеді. 

Ғалымдардың есептеуінше адам теледидар алдында тамақтанса 500 колорияға дейін жейтін көрінеді.

Дәретханада кітап оқу немесе смартфон ойнау

Мұндай әдеттің салдары өте қауіпті болуы мүмкін. Ғалымдар дәретханаға кірген адамның кітап пен смартфон ойнауын қадағалаған. Нәтижесінде, сегіз айдан соң сол адамдардың 50 % геморрой ауруына шалдыққан болып шықты. 

Мұрынды шұқылау

Мұрынды барша адамдар шұқылайды. Біреулер анда-санда болса, ал басқалар үшін бұл күнделікті әдетке айналған. Ғалымдардың зеріттеуінше, мұндай әдет жүйкенің бұзылуына алып келеді. 

Сонымен қатар, мұрын тазалау салдарынан шырышты қабықтың тұтастығы бұзылып, бактериялар мен инфекцияға сезімтал болып қалады. Тағы жағымсыз әсері – мұрын қанының тоқтамауы.

Саусақ сықылдату

Адам саусақтарын сықылдатқанда буындар арасындағы сұйықтық төмендейді. Нәтижесінде, көбіршіктенген газ пайда болады. Көбіршіктер жарылғанда саусақтардың сықырлаған дауысы шығады. 

Бұл әдеттің салдарынан саусақтарыңыз ұзаруы мүмкін, бірақ буын ауруы туындайды. Сықылдатқанда саусақтар икемділігін жоғалтып әрі буындар арасындағы сұйықтық мөлшері төмендейді. 

Түнгі 12-ден соң ұйықтау

Кеш ұйықтап тұратынды жақсы көретін жандарда жүрек, қан тамырлар аурулары пайда болады. Сонымен бірге, қан құрамындағы қанттың мөлшері артады. Түнортасына дейін ағза жеткілікті түрде иммунитетті арттыру, жүйке жүйені қорғау мақсатында көп мөлшерде мелатонин шығарады. Мәне, осы себепті ерте ұйықтаған дұрыс.

Егер сіз де жоғарыдағы зиянды әдеттерді қолдансаңыз, онда тез арада бұлардан құтылу жолын қарастырыңыз. Өйткені бұл сіздің денсаулығыңыздың нашарлауына, кезегінде өміріңіздің қызықсыз өтуіне себепкер болуы мүмкін. 

Ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтылу жолдары
Электронды темекінің пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу