Үй жағдайында микротолқынды пешті тазалау жолдары

Oinet.kz 03-05-2020 2947

Қазір барлығымыз үйімізде қалған тамақты микротолқынды пеште ыста аламыз. Алайда оның кемшіл тұсы да баршылық, яғни тамақты жылыту барысында оның қабырғаларына май жинала бастайды. Бірақ уайымдамаңыз бұл мәселені шешудің ең оңай тәсілдері де бар. Ендеше, біз сіздермен үй жағдайында микротолқынды пешті тазалау жолдарымен бөлісеміз.

maxresdefault.jpg

1. Ас содасы

Асханадағы барлық ыдысты тазалағыңыз келсе міндетті түрде ас содасын пайдаланыңыз. Әуелі микротолқынды пешті ыстық бумен жылытып аласыз. Бұл үшін 500 мл суға 1 ас қасық ас содасын қосып қоспа дайындаймыз. Дайын болған қоспаны микротолқынды пешке қойып, ең жоғарғы қуатпен 10-15 минут қосып қоямыз. Сосын дымқыл шүберекпен пештің ішін жуып шығамыз.

2. Ыдыс жуғыш құрал

Микротолқынды пештің ішіне кәдімгі ыдыс жуғышқа малынған губканы салып, ең жоғарғы қуатпен 30 секундқа қосып қоямыз. Осы уақыт аралығында жанағы губкамыз ішін жуып шығады.

3. Сірке суы

Микротолқынды пештің ішін тазалау үшін әрбір үйде болатын сірке суын пайдалануға болады. Ол үшін 500 мл суға 2 ас қасық сірке суын қосамыз. Дайын болған қоспаны пешке салып,  10-15 минутқа қосамыз. Белгіленген уақыт өткен соң оны тез ашуға асықпаңыз. Сірке суының майларды ерітуіне мүмкіндік жасаңыз. Сосын микротолқынды пешті дымқыл шүберекпен сүртіп шығыңыз.

4. Лимон сығындысы

Кейбір адамдарға сірке суымен тазалау аса ұнай қоймайды. Сол себепті микротолқынды пешті лимонның көмегімен де тазаласа болады. Ол үшін 500 мл суға 2 лимон сығындысын және 1 ас қасық лимон қышқылын қосамыз. Пешті жоғары қуатпен 10-15 минутқа қосамыз. Сосын кәдімгі тазалағышпен оңай тазалап алу қажет. 

Үй жағдайында майлы табаны қалай тазалаймыз?
Жүзім жапырағының пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу