Бейнеконференцияда қандай ережелерді сақтау қажет?

Oinet.kz 21-08-2020 1093

Карантин кезінде көп құбылыс (сабақ, жиындар) онлайн формада болып жатыр. Желіде желдей ескен бейнематериалдарда онлайн байланыста күлкіге қалған адамдар жайлы дерек көп. Байланыс нашарлығы секілді өзіңнен тыс мәселелер де жетіп артылады. Онлайн платформада қалайша адамдарға жақсы әсер қалдыруға болады?

image.png

Интернет байланысын тексеріңіз!

image.png

 Маңызды жиында бір-екі секунд байланыстан ажырасаңыз, жақсы әсер бермейді. Егер, дыбысыңыз естілмесе, сөзіңізді қайталаңыз. Бірақ, 5-10 әріптесіңізбен жиналыс болса, кімнің қай жерді естімегенін білу қиын.  Сіз өз жылдамдығыңызды Speedtest серверінде тексере аласыз. Ол үшін сілтемеге өтіп, жүктеу батырмасын бассаңыз жеткілікті.

Фоныңыз әсем болсын!

image.png

 Әлемдік көшбасшылардың үндеуі кезіндегі айрықша атмрсфераны аңғарған боларсыз. Ол лидердің сөзінің емес локацияның әсерімін эффективті. Шашылып жатқан бөлме мен ашық есік  - жақсы фон деп айта алмаймыз. Терезеге экранды бағыттасаңыз, силуэт болып қаласыз. Тек сұлбаңыздың көрінуі ресми кездесулер үшін іскерлік әрекет емес. Жарыққа қарсы бағытта отырсаңыз, жүзіңізге анық көрінеді. Қорқынышты фильмдердің әсерлі шығуы үшін қараңғы аймақта түсірілім жасайтынын білетін боларсыз. Жарық жер сізді оптимист етіп көрсетеді. Әрі қабырға ғана көрінетіндей етіп үстел орналастырыңыз. Сонда, өзге әріптестеріңіздің ойы артық затқа бөлінбейді. 

Қалыпты гарнитура немесе микрофон алыңыз!

image.png

Қазірде подкаст жасау арқылы танылып жатқандар көп. Қоғамдық көлікте отырып, тамақ әзірлеп жүоріп тиімділігін арттырған көптеген адамға қызықты. Ноутбуктың дыбыс жазу құрылғысына қарағанда арнауы аппарат алған дұрыс. Сіздің даусыңыздың анық, жарқын болуы өзгелердің назарын аударуыңызға сеп болады. Ойды бір нүктеге шоғырландыру қашан да оңай емес. Сіз әрекет етсеңіз ғана берекетін көресіз! Тегін ас тек қақпанда ғана бар.

Өзгелер сөйлегенде, үнсіз қалыңыз!

ыфвв.gif

 Конференцияларға арналған заманауи қызметтер қазіргі уақытта спикердің дауысын сәл күшейтетін етіп жасалған. Сондықтан спикер сөйлегенде қосулы тұрған өзге дыбыс құрылғылары баяндаушының дауыс сапасын нашарлатады. Бұл өз кезегінде барлық тыңдалым мүшелеріне кедергі келеді. Осы факторды ескеріп, қажет емес кезде "дыбыс өшіру" батырмасын басыңыз.

Модераторды тыңдаңыз!

image.png

 Дауыстық чат нақты қарым-қатынастан аздап ерекшеленеді. Өмірде сіздің стереоскопиялық құлағыңыз ғарышта сұхбаттасушыларды өте дәл бөледі. Тіпті ұқсас дауыс тембрлері бар екі адамды да кеңістіктегі позицияларына байланысты ажырата аласыз. Бейнеконференцияда адамдарды ажырату қиынырақ. Сондықтан арнайы тағайындалған модератордың дауысын тыңдаңыздар. 

Мәтіндік сөйлесуді қолданыңыз!

image.png

Барлық бейне чаттарда параллель мәтіндік нұсқасы бар, оны да қолданыңыз. Егер спикерге сауалыңыз болса, сөзін бөлмеңіз. Чатқа жазыңыз.  

Конференция кезінде алаңдамаңыз!

image.png

Жоғарыдағы ескертпелерден шошынбаңыз. Онлайн конференцияда оффлайндағыдай мүмкіндік қарастырылған. Шай ішуіңізге, смартфондағы хабарламаға жауап қайтаруға болады. Дегнмен, видео қарап, іскерлік қоңырауларға жауап беруді кейінге шегеріңіз!

Цирк ұйымдастырмаңыз!

image.png

 Сіздің үй жануарыңыздың керемет екеніне ешкім дауласпайды. Балаларыңыздың жылағаны тек өзіңізге маңызды. Бейнеконференцияға тыныш орынды таңдап, тек өзіңіз ғана кіріңіз!

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Көру қабілетін қандай жатығу жасап жақсартуға болады?
Қанттың сұлулыққа берер пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу