Мазақ па, жоқ құрмет пе? - Жақындары 87 жастағы әженің сілікпесін шығарды
Интернетте 87 жастағы әжейді ойын алаңындағы аттракционда жақындары су терін шығарды. Жұрт бұл жағдайға түрлі пікір жазуда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Uaqyt.info сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода қарт кісіні аттракционға отырғызып, қызықтаған келіншектерді байқайсыз. Тіпті әжейдің ұстағышқа қатты жабысқанына олар күліп әлек.
"87 әжеміз адреналин алғым келеді деді", - деп жазылған бейнежазбаға.
Десе де желідегі жұрт бұл жағдайға түрлі пікір жазуда. Бірі қартайғанда бұлай қинамау керегін айтса, енді өзгелері әженің батылдығына тәнті.