Күріш суы арқылы арықтаймыз, теріні тазартамыз, шашты қалпына келтіреміз

Oinet.kz 03-09-2020 1910

Қазіргі таңда, Кореядағы ең атақты сұлу болудың тәсілі ол - күріш суы.

image.png

✅ Күріш суы арқылы теріні тазарту

Күріш суы В,С,Е дәрумендерінен және минералдардан тұрады. Бұл құрам теріні жұмсартады, ашық қылады. Сондай ақ, бұл құрам арқылы күннен теріні қорғауға болады.

Сонымен, күріш суын қалай дайындауға болатыны туралы атақты рецепті ұсынамыз. Теріні тазарту үшін алдымен ақ күріш пен кәдімгі су қажет.

1) Шаң, кірден тазартып алу үшін 1 кесе ақ күрішті жуып аламыз.

2) Тазартылған күрішті жылтыр, эмальданған табаққа салып, 15 минутқа қойып қоямыз. Бұл уақытта минералдар мен дәрумендер суға сіңеді.

3) 15 минут өткен соң, суды шыны сауытқа (шөлмек) құйып алыңыз. Ал күрішті тастамаңыз, кейін тамақ жасасаңыз болады күріштен.

Құйылып алынған күріш суымен бетімізді жуамыз. Және 1 минут бетімізді жеңіл уқалаймыз. Болды! Бір рет жасағанның өзінде нәтижесін байқауға болады.

Бұл күріш суын герметикалық контейнерге мұздатқышта, 5 күннен асырмай сақтау керек.

✅ Шашқа арналған күріш суы

Күріш суы сіздің шашыңызға да пайдалы. Егерде осы күріш суымен шашыңызды жуатын болсаңыз, шашыңыздың жұмсақтығы мен жылтырау нәтижесіне қол жеткізесіз.

✅ Арықтау үшін күріш суын пайдалану

Егерде күріш суын арықтау үшін пайдаланатын болсаңыз, онда күріш суын басқаша дайындауға тура келеді. Ол үшін сізге күріш қайнатындысы керек. Сондай ақ, күрішті қайнату кезінде, суды алдыңғыға қарағанда көбірек құю керек. Дайын болған күріш қайнатындысы - осы сізге керегі. Бұл ең оңай жолы. Арықтау үшін, күріш қайнатындысын таңғы асқа ішу керек.

✅ Арықтау үшін қолданылатын күріш суының азиаттық рецепті

1) 1 тостаған күрішті 3-4 тостаған суға салу.

2) Түнге жақын дайындау қажет. Газ плитасына жәй ашық отқа 2-3 сағатқа қою керек.

3) Дайын қайнатындыны 1 күн ішінде ішу керек, тұз қосуға да болады.

Кез келген тағам - кем дегенде 650 калориялы болса, күріш қайнатындысы бар жоғы 150 калориялы. Бұндай калория арқылы сіз 1 аптада 1 кг-ды оңай тастай аласыз.

Осындай оңай тәселдер - бірақ пайдасы жетіп артылады!

Осындай жеңіл жолмен арықтап та шаша осирсендерде бетттеріңді күтсендер де болады.Мысалы мен осыны пайдаланам пайдасы болмаса зияны жоқ.

​Мың сырқатқа шипасы бар рецепттер
Шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу