Інжірдің қандай пайдасы бар?

Oinet.kz 30-09-2020

Інжірдің құрамында каротин, пектин, темір және мыс сияқты көптеген пайдалы микроэлементтер бар. Десек те, қанттың көп мөлшері бар.  Кейбір сұрыпта қанттық  мөлшері 71% жетеді. Осы себепті, бұл жеміс диабеті бар адамға тұтынбаған абзал. Інжірдің құрамындағы эфир майы қан құрамын жүйелендіріп, оның қоюланып кетуіне жол бермейді. Сондықтан, аспириннің орнына күніне бір інжір жеп тұрған жеткілікті.

image.png

Інжір күзде пісетін жеміс. Күздегі өнімнің құрамы табиғи. Басқа мезгілдердегі інжірдің құрамында қант басым болады. Сол факторды ықтияттап ескерген жөн. Інжір тез бұзылатын өнім болғандықтан барынша қаттысын таңдаған дұрыс. Үй жағдайында інжір үш күнге дейін сақталады. Одан ары оның пайдасы жойылады.

Інжір антипиретикалық және қабынуға қарсы әсерге ие, сондықтан суық тию, тонзиллит және осы тектес аурулар үшін ұсынылады.

image.png

Халықтық медицинада інжір жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен күресте пайдалы көмекші ретінде белгілі. Әрине, біз емдеуді тек осы жеміске негіздеуді ұсынбаймыз. Қосымша ретінде қолдануға кеңес береміз.  Інжірде калийдің жоғары мөлшері бар. Ол деннің саулығына аса пайдалы.

Жүрек-тамыр жүйесі туралы айта отырып, құрамындағы фермент фицинінің арқасында інжір тамырлы қан ұйығыштарының резорбциясына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек соғу жылдамдығын қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Інжір тез қанықтырады және аштық сезімін ұзақ уақыт болдырмайды. Інжір барлық белгілерді – жүрек айну, шөлдеу, бас ауруы және жалпы әлсіздікті азайтуға көмектеседі. Бұл біздің ағзамыз үшін маңызды үш элементтің – калий, магний және кальцийдің жоғары құрамымен байланысты.

Суреттер ашық дереккөзден алынды. 

Асқазанға супер-скраб
Қиярдан жасалатын маска түрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×