Ас үйіңізде тұруы керек 10 тағам

Oinet.kz 12-10-2017 701

image.png

✅ 1. Бал. Иммунитетіңізді қатайтып, күш-қуатыңызды арттырады. Сонымен қатар ас үйіңізде бал тұрса, қантты ұмытуға да болады.

✅ 2. Банан. Жүрек аурулары мен инсульттің алдын алуға көп көмегін тигізеді. Және оның құрамында бұлшық етке пайдалы калий элементі бар.

✅ 3. Геркулес. Тамырларыңызды тазалап, асқазан, ішек ауруларынан сақтайды.

✅ 4. Саумалдық. Саумалдықта бұлшық еттің ауруын басатын А, С, К дәрумендері және темір бар.

✅ 5. Зәйтүн майы. Зәйтүн майында Е дәрумені көптеп кездеседі. Ол ағзаңызды жасартып, холестирин мөлшерін төмендетеді.

✅ 6. Алма. Апельсинге қарағанда алмада С дәрумені көп. Ол қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек жұмыстарын жақсартады.

✅ 7. Йогурт. Йогурттың құрамында иммунитетіңізді көтеріп, ас қорыту жүйесін жақсартатын кальций өте көп. Оны жұмыс кезінде де жеңіл-желпі тағам ретінде тұтынуға болады.

✅ 8. Арқан балық. Бұл балық омега-3 майлы қышқылына бай. Ал ол холестирин мөлшерін азайтады және қатерлі ісікке қарсы төтеп береді.

✅ 9. Сәбіз. Көздің көруін жақсартатын және онкологиялық аурулардың алдын алатын сәбіздің құрамында бета-каротин бар. Оны көбіне күнбағыс майы немесе қаймақпен араластырғаныңыз дұрыс.

✅ 10. Қаражидек. Бұл жеміс көздің дұрыс көруіне көмектеседі. Сонымен қатар кәрілікпен күресіп, есте сақтау қабілетін арттырады.

Адамның жасына байланысты атаулар
Кір сабынның біз білмейтін құпиялы тұстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу