Адамды ақылды ететін 7 пайдалы хобби

Oinet.kz 07-12-2020 1887

image.png

Көптеген адамдар үздіксіз даму үстінде болғанды қалайды. Ақылын көбейтіп, білімді, интеллекті жоғары адамдардың қатарынан көрінуге көптеп тырысады. Нәтижесінде, солай болады. Сіз қалағандай ақылды адамға айнала аласыз! Әрине, төменде келтірілген 7 хоббиді назарға алсаңыз!

1. Шет тілін үйрену

Көптеген зерттеулерге назар салып қарасақ, екі немесе одан да көп тілде сөйлесе алатын адамның логикасы бір тілді білетін адамға қарағанда әлдеқайда мықтырақ болады екен. Әр тілдің өзіндік құрылымы мен ойлау тәсілі бар және миыңыздағы әртүрлі түсініктер сіздің бойыңыздағы таланттарды аша түсетін қасиеті бар екен. Сол себепті, кем дегенде бір шет ел тілін үйренуге бейімделгеніңіз жөн. 

2. Физикалық белсенділік

Көпшілік адамдар спорттың тек қана денсаулыққа, ағзаға ғана пайдасы бар деп ойлайды. Алайда спортпен шұғылдану ми жұмысын реттеп, есте сақтау қабілетінің жақсаруына, жадыңыздың бірқалыпқа келуіне көмектеседі. Өзіңізге қатты күш салмай, азырақтан болсын күнделікті спорттық жаттығуларды жасап тұрғаныңыз жөн.

3. Ақылды жетілдіру

Миыңызды жетілдірудің көптеген жолдары бар. Телефоныңызға Судоку, сөзжұмбақтар жүктеп алыңыз. Видео ойындары ойлау жүйеңізді біршама дамытары сөзсіз. Бұл әрекеттер сіздің миыңыздың бірқалыпты жетілуіне 100 пайыз көмектеседі. Жаңа нәрселер үйреніп, тап болған қиындықтарды оңай жолмен шешу жолдарын үйрене аласыз. Осының арқасында санаңыз дамып, жаңа қабілеттеріңіз ашыла түсері сөзсіз.

4. Кітап оқу

Не оқығаныңыз маңызды емес. Бастысы оның сізге шын мәнінде пайдасы болуы шарт. Кітап оқу:

- Күйзелістен арылтады;

- Өзіңді өзің жақсы көруіңе көмектеседі;

- Таным көкжиегіңізді кеңейтеді;

- Айналадағы барлық нәрсені танып-білуге ұмтылдырады;

- Тап болған кедергілерден оңай өтуге жәрдемдеседі.

5. Музыкалық құралдарда ойнау

Ми жұмысын жақсартудың тағы бір жолы музыкалық инструментте ойнай білу. Сансыз зерттеулер, музыканттардың идеяға толы, сезімтал, шебер нағыз шығармашылық адамдары екендігін көрсетеді.  Қанша жаста болсаңыз д кем дегенде бір музыкалық құрылғыда ойнай білгеніңіз жөн. Себебі, оның ми жұмысын жақсартып, жетілдіруде пайдасы зор екені сөзсіз. 

6. Үйренгеніңді үнемі қайталап отыру

Қайталау сабақтары, дәстүрлі сабаққа қарағанда әлдеқайда тиімді. Студенттер емтиханнан бұрын дайындық барысында дәстүрлі оқу түрлеріне баса назар аударады. Бұл емтихан кезінде барлық білгенімізді ұмытып қалатын дәрежеге дейін келтіреді. Сабақты, үйренгеніңлді үнемі қайталап отыру білімді жетілдірудің ең оңай әрі тиімді тәсілі. Үйренген нәрсеңізді ұмытпауға көмектеседі. Үйренген дүниелерді жиі-жиі қайталап отыруға тырысыңыз!

7. Медитация

Адамдар ақыл-ойды басқаруда, күйзелістен құтылу жолында және өзін-өзі тыныштандыру үшін медитация жасайды. Адамдар медитация арқасында ойлау мен сезім жүйелерін басқаруды үйренеді. Қандай іс тап болса да, мәселе кез болса да өзіңізді қорықпай, оған дайын болуға үйретіңіз. Бұл әдіс арқылы сенімді және оптимист бола аласыз. 

Түрік тілінен аударған: Oinet.kz тілшісі

Линзаның пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?
Қауіпті үй шаруалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу