Линзаның пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?

Oinet.kz 04-12-2020 3011

Кез келген нәрсенің артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны сияқты линзаның да өзіндік ерекшеліктері бар.

image.png

Кемшіліктері:

— денсаулыққа: сапасыз линза көру қабілетін нашарлатуы мүмкін, кей жағдайда аллергия туындатады, ал кейде микроб түсуінен қабынулар болуы мүмкін.

— қаражатқа: яғни бір алған көзілдірікті ұқыпты кисең кемінде 1-2 жыл пайдаланасың, ал линзаны мерзіне байланысты үнемі жаңадан сатып алып отыру керек, оған қоса растворына, желді не ыстық күндерде қолданылатын растворларға тағы да ақша жұмсайсың.

— уақытқа: көзілдірік кию уақытыңды алмайды әрі көзіңді тынықтырғың келсе шешіп қоя саласың, ал линзаны тағу біраз машақат тудырады. Көзге тікелей жанасатындықтан мұқият тазалықты талап ететін линза тағу процедурасы уақытыңды алады.

Артықшылығы:

— линза дұрыс таңдалған (ылғалдылығына зор мән беру керек) әрі тазалықпен киілген болса, оның көзіңде бар-жоғы тіпті білінбейді!

— күн салқында көзілдірік буланып әбден мазаңды алады, шақырайған күн сәулесі болса көз жанарын «сорып» тастайды, ал линза тақсаң күннен қорғайтын көзілдірікті киіп ал да жүре бер!

— жаңбыр жауса да, қар жауса да линзамен еш ыңғайсыздық туындамайды!

— спортпен айналысқанда линза өте ыңғайлы, ал көзілдірікті шешіп қоюға тура келер еді.

— ұзақ уақыт кигенде көзілдіріктің іздері бәрі-бір байқалып тұрады, ал линзада ондай жоқ)

— қазіргі уақытта линзаның ұзақ уақыт тағуға болатын (ұйықтағанда шешіп қоюды қажет етпейтін) нағыз «жалқауларға» арналған түрлері де бар)

— түрлі түсті линзаны тағу арқылы көз түсін де өзгерту қолыңызда!

Ескерту: линзаны көз дәрігерінің тағайындауымен ғана таққан жөн және бір маркаға тәуелділік пайда болмас үшін оны алмастырып отырған дұрыс.

Безеу картасы және безеуге қарсы күресу жолдары
Адамды ақылды ететін 7 пайдалы хобби
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу