Күнге күймеу жолдары

Oinet.kz 15-07-2019 2069

v4-728px-Prevent-Tanning-During-Excessive-Outdoor-Activities-Step-1-Version-2.jpg

SPF ( ағылшын тілінен - sun protection factor) күннен қорғайтын препарат. Крем, лосьон не спрей түрінде кездеседі. Күннен қорғау қалыпын теріңіздің фототипіне байланысты таңдау қажет. Негізінен, ақшыл, секпілді адамдар және де сарышын келгендер күнге тез күйеді екен. Мұндай фототиптегілер күнге қатты күйген жағдайда терісі күлбіреп жатады. Сондықтан оларға қорғау дәрежесі жоғары SPF-40 және жоғары типін қолдану қажет. Ал, қолданбаған жағдайда күннің астында 10 минуттан артық журуге болмайды. Ал, терілері бидай өңді болып келетіндер үшін, SPF-30 және жоғары типтері жарайды. Жалпы SPF-ті жалғыз жазда емес, жылдың төрт мезгілінде де қолдану теріңізді күннен қорғап, жастық қалыпын сақтайды. 

164830b2f1942bd30c52357fc5581232.gif

SPF-ті қолдану ережелері:

Күнге шығардың алдында 20-25 минут бұрын, денеңіздің ашық тұстарына сіңдіріп жағыңыз. 

  • Кремді күннің астында жүрген әр 2 сағат сайын жаңартып жағып отыру қажет. 

  • Егер сіздің теріңіз тершеңдікке бейім болған жағдайда немесе шомылып жүрген болсаңыз әр 40 минут сайын, ал SPF суға төзімді болса 90 минутта бір жаңартып жағып отырыңыз. 

  • 10:00 - 16:00 аралығында күн сәулесі өте интенсивті болғандықтан, бұл уақыт аралығында күн астына шыгудан барынша алыс болыңыз. 

  • Күннен қорғайтын косметикалық препараттар қолданыңыз, тері типіне қарай. Егер де теріңіз құрғақ болса, SPF лосьон, ал, теріңіз майлы не безеулер бар болса спиртті негіздегі күннен қорғағыш кремдер қолданыңыз. Теріңіз сезімтал болса, спиртті негіздегі препараттардан мүлде алыс болыңыз. 

Күннен қорғанудағы қолшатыр мен киім рөлі

Әрине, жұқа табиғи матадан жасалған жеңіл киімдер теріңіз үшін күннен керемет қорғаныс. Бас киімге ерекше көңіл бөліңіз. Бастан күн өтсе, ол сіздің қимыл-қозғалысыңызға кедергісін келтіріп, тәбетіңізді төмендетеді. Ал, арнайы ультрокүлгін сәуле өткізбейтін киімдерді спорттық киім дүкендерінен ала аласыз. 

Келесі, қолшатыр. 

Қолшатыр ең алғаш жаңбырдан емес, күннен қорғану үшін ойлап табылғандығын ескерсек, бұл зат міндетті деп табылады. 

a79cc052bc52bfbc1e6bd4153e4b4572-quality_70Xresize_crop_1Xallow_enlarge_0Xw_698Xh_465.jpg

Өміріңізде жоғарыдағы алдын алу шаралары үшін тым кеш пе? Саспаңыз! Күйген теріні ағартудың да жолдары бар:

  • Теріні ағартуға арналған лимон тонигі. Тұнбаны жасау үшін бар болғаны 1 стақан су мен лимон сығындысының 1/3 бөлігі қажет. Дайын сұйықтықпен мақта дискілері арқылы бетті 2-3 аптаға дейін сүртіп отыру қажет. 

  •  Балғын қиярдан жасалған маска. Бүтін қиярды өткізгіштен ұсақтап өткізіп, кез келген бет терісін нәрлендіретін креммен араластырып, бетке 10 минутқа жағып қалдырамыз. Жылы сумен жуамыз. Бұл процедурадан соң бетті жұмсартатын крем жағып қажеті жоқ. 

  • Аптекалық ақ глина қолдану. Глина қолдану әдісі қаптаманың сыртында жазулы тұрады. Міндетті түрде нұсқаулық бойынша пайдаланыңыз, себебі теріде артық ұстау теріңізді құрғатып жіберуі мүмкін.

  • Ақжелкен тұнбасын пайдаланыңыз. Ақжелкенді жарты сағатқа қайнатып, қайнаған тұнбаны суытып, 2 түн тоңазытқышта сақтаңыз, дайын болғанда, шектеусіз қолдануға болады. 

Табысты әйелдің 6 дағдысы
Қорылдан қалай арылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу