Ашумен күресудің тиімді тәсілдері

Oinet.kz 26-07-2019 1317

1_5255132b4f5155255132b4f55b.jpg

Ашу-ыза, мұндай паразит сезімдерді тежеу не олардан арылу мүмкін бе? Егер де ашу келтіретін өршікпе сезімдер механизмі бойыңызда жедел қызмет етсе не геніңізlе болса қалай әрекет ету қажет? Егер сіз жиі агрессияның немесе ашуланудың бақыланбайтын шабуылына тап болсаңыз және олар сіздің өміріңізді бұзатындығын түсінетін болсаңыз, онда сізге эмоцияларыңызды басқаруды үйренудің уақыты келді. Бұл мақалада сіз ашулануға қарсы күресте тиімді құрал болатын кеңестер таба аласыз.

Өзіңізді дер кезінде тоқтатып үйреніңіз.

Адам бойындағы жылау, ашулану, күлу деген сезімдерді тоқтату асылында оңай емес. Мәселен, күлмеу керек болған сәттерде, біреу қытықтап тұрғандай тырқылдап күлген сәттер басыңыздан өткен болар. Сол секілді біз ашу мен ызаға да оңай жол береміз де, соңынан опық жейміз. Егер де, ашуға бейім адам санатына жатсаңыз, мәселені сырттай бақылап үйреніңіз. Яғни, санаңызды бірнеше секундқа сөндіріп, мәселені байыппен ойланып қараңыз. Мүмкін, түкке тұрғысыз, мүмкін шынымен де ашуланарлық жағдай. Сіз оны тек сабырға келгенде аңғарып, мәселеге дұрыс баға бере аласыз. 

Арандатуға жол бермеңіз.

Неше түрлі сұм пиғылды адамдар бар ғой. Қарсыңыздағы адам неше түрлі ашуыңызға, намысыңызға келетін сөздер айтып, сізден жауапты реакция алу үшін арандатуы мүмкін, мұндай кезде сабырлы қалу қиын. Өйткені ашуға жауапты реакция, сіздің санаңызға сигнал жіберілмей тұрып, автоматты түрде ашуға бой алдырады. Кейбір адамдар, шынымен де, қасақана сізді ашуландыратындай дүниелер жасауы мүмкін, мұндай кезеңдерде өте қу болыңыз. Мұндай конфликтілерді қажетіңізге жаратыңыз, яғни ашуды дер кезінде тыю үшін өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Қарсыңыздағы сізбен ұрысқысы келген сайын, сіз үндемей қалыңыз, ол оның одан әрі ызасын келтірері анық.

Линкольн әдісі.

Тағы бір тиімді әдіс - өзіңіздің ашуыңыздың себебін табуға тырысыңыз. Сізде ашу пайда болған кезде, неге бұл болып жатыр деген сұраққа өзіңізден жауап іздеңіз. Егер сіз әрдайым бір факторға қатаң әрекет етсеңіз, алдымен сіз оларды саналы түрде қабылдауға үйренуіңіз керек. Сіз өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін түсінгеннен кейін, қарсыластың эмоциясын түсінуге тырысуыңыз керек. Оны мұқият тыңдап, сіз оның орнында екеніңізді елестетіңіз. Бұл тәжірибе жанжалды жағдайларды шешудің өте тиімді әдісі болып табылады. 

Қағазға эмоцияларыңызды түсіріңіз.

Көптеген психологтар ашуланшақтық проблемалары бар пациенттерге осы жағымсыз эмоцияларды қағазға түсіруге кеңес береді. Егер сіз қатты ашулансаңыз немесе бір құбылысқа ызалансаңыз, дәптер немесе кәдімгі қағаз парағын алып, ойыңызға келген нәрсені жаза бастаңыз. Өз ойларыңызды айтуға немесе сауаттылықты ұстануға тырыспаңыз, жай ғана өз сезімдеріңіз бен проблемаларыңыз туралы ашық айтыңыз. Содан кейін сіз жай ғана осы жазбаларды лақтырып немесе өртеп, жиналған ашумен қоштаса аласыз. Әдетте, бұл рәсім аяқталғаннан кейін бірден жеңілдік пайда болады, жағымсыз эмоциялар қағазда қалады және ал сіздің бойыңызға тыныштық сезімі келеді. Егер сіз маңызды әңгімеге өзіңізге жағымсыз тұлғамен әңгімелесуді шешсеңіз, жағдайға алдын ала іштей дайындалып, кез келген сұраққа рационалды жауап беруді ойлаңыз.

Никола Тесла - жетістікке жету жолдары
Өріктің ағзаға пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу