Мицеллярлы су немесе гидрофильді май

Oinet.kz 12-08-2019 1864

cms492cf6bee13b1fc22c5226edf295f96bcms.jpg

 Көптеген қыз-келіншектер макияж ісінде шебер де бет тазалауға аса мән бермейді. Әсілінде бет күтімі бет әрлеуден әлдеқайда  маңыздырақ, себебі бетіңіз жақсы күтілсе ол сау, жас қалпын сақтайды, ал тек әрлену терінің жаман тұстарын жауа бермейді.

Өздеріңіз білетіндей беттегі косметиканы тазалау үшін ең көп мицеллярлы су мен гидрофильді майды қолданып жатады. Әрине бұл екеуінен басқа, арнайы қолғаптар, екі фазалы қоспа және де сүтті өнім т.б. МВ (мицеллярная вода) сөзін өте сауатты маркетологтар ойлап тапқан, сіздің күтіміңізді жеңілдету және психологиялық "мақұлдау" құралы ретінде. Бүгінде қыздардың өздері сатып алатыны болмаса, бірде-бір косметолог немесе визажист сізге МВ қолдануға кеңес бермейді. Себебі мицеллярлы судың құрамында арзан бет тазалағыш паб бар, мицеллалар. Әрине, олар бетті тазалайды, бірақ өзінен кейін құрғақтық пен тітіркенгіштік сезімін қалдырады, ал одан купероз бен беттің бөртуі мүмкін. Тіпті қарапайым майлық одан пайдалырақ.

ГМ – бұл құралды көп адамдар атына қара қарапайым ас үйдегі күнбағыс майымен шатастырып жатады, ал ол майды бетке жағу бетіңізде қалың майлы пленка қалыптастыруы мүмкін. Иә, әртүрлі майлар қолданылады, бірақ жеңіл және міндетті түрде эмульгаторлар – молекулалар да қолданады, олар сумен жанасқан кезде майды ерітуге және оны сүтке айналдыруға көмектеседі. Құрамында эмульгатор санының жеткіліксіз болуына байланысты оның кейбір түрлері нашар тазартады. Бірақ сіз мұны тек сезінесіз. ГМ-ді көбінесе беттің сыртқы терісіне дейін тазартып үйреніп кеткендер ұнатпай жатады, агрессивті жуынғаннан кейін маймен жуған оларға бетінің пораларын жауып тастағандай көрінеді. 

Біріншіден, маска қалдықтары екінші кезеңде көбікпен немесе мусспен жуылады. Екіншіден, бет терісі осылай жұмсақ және балғын болуы да қажет. 

Қорытынды: гидрофильді майды қолданыңыз, егер де теріңізді балғын жас етіп сақтағыңыз келсе, әжім түспегенін қаласаңыз.

Ара өсірген өкінбейді
Тоник таңдауда кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу