Глина түрлері, пайдасы

Oinet.kz 16-08-2019 6884

kak-nanosit-masku1.jpg

Глина балшық, саз деген мағыналарды береді. Глинаны қыз-келіншектер бет терісін жақсарту үшін косметикалық қажеттіліктеріне қолданып жатады? Балшықпен? Иә, глина ешқандай құдіреті жоқ, кәдімгі балшық. Глина құрғақтай топыраққа ұқсаса, су араластырғанды балшық кейіпіне енеді. Дегенмен балшықтың әр түрі әртүрлі типтегі теріге арналатынын біліп жүріңіз.

Ақ глина – майлы теріге арналған.

....қара нүктелі безеулерді жояды; терідегі ұсақ тесіктерді тарылтады.

Көгілдір глина – өте майлы теріге арналған.

....тазалайды; дезинфекциялайды; безеулермен күреседі; теріні ағартады.

Жасыл глина – майлы, септелген, құрғақ типтегі терілерге арналған.

....қартайюдың алдын алады; жұмсартады; токсиндерді сыртқа шығарады; бактериялармен күреседі; ісікті қайтарады; пилинг орына қолданылады; қан тамырларды тарылтады.

Алқызыл глина – сезімтал, жасөспірім терілеріне арналған.

....тазартады; әжімдерді жазады; тері құнарын, жұмысын арттырады.

Қызыл глина – қалыпты, сезімтел және майлы терілерге арналады.

....қан айналымын жақсартады; қабынудың алдын алады; бетке шығатын безеулерден сақтайды.

Сары глина – проблемалы теріге (дерматит, экзема) және құрғақ теріге арналған.

....терінің өлі клеткаларын жояды; тері тонын жақсартады; безеу бөртпесінің алдын алады; тонусын көтереді.

Қара глина – проблемалы теріге арналған.

....тері тесіктерін тазалайды, тарылтады; тері майын ретке келтіреді; бет безеуімен күреседі; целлюлитпен күреседі.

Есіңізден шығармаңыз! Бетте глина кепкенше ұстауға болмайды.


Аз қаражатпен қымбат көріну мүмкін бе?
Жігітке қандай сыйлық беруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу